Негізгі бет
Жаңалықтар
16.11.2020 «Абай және шығыс әдебиеті» онлайн дөңгелек үстел
2020 жылдың 13 қарашасында Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ақынның 175 жылдығына арналған «Абай және шығыс әдебиеті» тақырыбында онлайн дөңгелек үстелі өтті.
Кафедра меңгерушісі Гүлсім Абдрахманова ашып, үстіміздегі жыл ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «Абай жылы» болып жарияланғанын атап өтті. Мұндай кездесудің қашанда зәру іс, маңызды іс-шара екендігіне назар аударып, осы он-лайн конференцияның ұйымдастырушысы және спикері, доцент Руслан Арзиевтің тыңғылықты жұмыс атқарғанына назар аударды. Конференцияға ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Ежелгі дәуір әдебиеті және тюркология» бөлімінің меңгерушісі Төрәлі Қыдыр қатысты. Ол Абай шығармашылығына Науаи мен Физули сияқты шығыстың әйгілі тұлғаларының әсері жөнінде кеңінен тоқталып өтіп, мәнді де мазмұнды баяндама жасады. Бяндама барысында кафедра оқытушылары мен басқа қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
|