қазақша · русский · english
   
Филология мамандықтары кафедрасы

Практикалық тілдер кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық факультеттерінде сабақ береді (филология, психология-педагогика, дене мәдениеті және БӘД, география-экология, тарих, физика-математика, химия және биология, көркем-сурет факультеттері, құқық және экономика институты). Кафедра «Қазақ тілі», «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу», «Кәсіби қазақ тілі», «Русский язык», «Профессиональный русский язык» пәндерін жүргізеді.

Практикалық тілдер кафедрасында 2012-2013 оқу жылында 18 оқытушы қызмет жасайды: 1 п.ғ.д., профессор, 1 п.ғ.к., профессор, 1 ф.ғ.д., доцент, 1 п.ғ.д., доцент (Кажигалиева Г.А., Боранбаева З.И., Жумагулова Б.С., Цой А.А.,), 4 ф.ғ.к., доцент (Шаһарман Г.П., Маймакова А.Д., Кадырова Г.Р., Умирзакова З.А.), 1 п.ғ.к., доцент (Бекишева Р.И., Абаев В.Е.), 1 ф.ғ.к., аға оқытушы (Османова З.Ж.), 1 п.ғ.к., университет доценті (Ниязбекова Г.С.), 1 п.ғ.к., аға оқытушы (Алибаева М.С.), 1 аға оқытушы, магистр (Нүптекеева Г.Б.), 4 аға оқытушы(Жақанова Г.І.,Тохтамова Р.К.,Сариева Г.А.,Шинтемирова А.М.).
Оқытушы-профессорлар құрамының салыстырмалы сараптамасы - 72,2%. Ғылым докторларының пайыздық қарым-қатынасы - 17% ; профессорлардың пайыздық қарым-қатынасы - 11%. Оқытушылық-профессорлық құрамының 100% негізгі білімі бар. Кафедра оқытушы-профессорлар құрамының орта жасы - 46,5. Кафедра оқытушылық-профессорлық құрамының 35% қазақ тілінде, 65% орыс тілінде сабақ жүргізеді. ЖОО-ның өзгетілді аудиторияларындағы қазақ тілі пәніне Мемлекеттік стандарт бойынша 6 кредит: 270 сағат берілген. Оның 90 сағаты практикалық сабаққа, 90 сағат - студенттердің оқытушымен бірлескен жұмысына (СОБЖ), 90 сағат - студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) бекітілген. Сонымен қатар, сырттай оқу бөлімі студенттері үшін - 72 сағатқа типтік бағдарлама, оқу-жұмыс бағдарламасы, силлабус үлгілері жасалды. Кафедра оқытушылары университет бойынша барлық факультеттердің өзгетілді топтарына орыс және қазақ тілдерінен сабақ береді. Жоғары оқу орындарының орыс топтарында қазақ тілін оқытуға алты кредит беріліп отыр, сондықтан оқу процесінде инновациялық технологиялар қолдану үрдісі білім жүйесінің жаңа талаптарымен сабақтасуы керек. Кредиттік жүйеде оқу процесін қажетті ақпарат көздерімен, атап айтқанда, оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәні бойынша дайындалған әдістемелік құралдармен, электрондық оқулықтармен, желілі білім беру мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз ету - оқытушыларға көптеген міндеттер жүктейді.