қазақша · русский · english
   
География - экология факультеті

География экология факультеті - Абай атындағы ҚазҰПУ - дың ең алғашқы жетекші факультетінің бірі, республикадағы географиялық, экологиялық және туристік білімнің көшбасшысы.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы ғылыми және әдістемелік білімнің алдыңғы сапында. Өз саласының маманы ретінде, жаратылыстану ғылымы  пәндерінен  терең білімдерімен ерекшеленеді. Факультетте жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандар, соның ішінде, 1 ҚР ҰҒА академигі, 5 ғылым докторы, 10-нан астам профессор, 30 ғылым кандидаты мен доценттер, 10-нан астам магистрлер қызмет етеді.

Факультетте үш «ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының және  бір Мемлекеттік шәкіртақы иегері еңбек

етеді. Факультет оқытушылары жалпы білім беретін мекемелер мен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің, соның ішінде, электронды мультимедиалық оқулықтардың және мемлекеттік білім беру стандарттарының авторлары.

 Факультет «Қазақстан географиясы   экологиясы және оқыту әдістемесі », «Елтану»,  «Туризм» кафедраларынан тұрады. Ғылыми-әдістемелік қызмет ғылыми-әдістемелік орталық арқылы факультет кафедралары магистратура және РhD докторантура арқылы жүзеге асырылады.

Оқу үдерісі кредиттік технологияны пайдаланып, инновациялық әдістерді қолдану негізінде құралған. Геоақпараттық жүйе (ГИС) технологиясын қолданып жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Сабақ арнаулы жабдықталған аудиториялар мен компьютерлік сыныпта өткізіледі.

Оқу, далалық, өндірістік практикалар, соның ішінде, жақын және алыс шет елдерге зонааралық практикалары  оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Білім алушылар негізгі мамандықтарынан басқа қосымша кәсіби білімдер мен дағдылармен қатар, гид, экскурсовод, тау туризмі нұсқаушысы куәліктері мен сертификаттарын ала алады.

Біздің факультет Қазақстандағы тау туризмі маманын және инструктор  гид даярлаушы  жалғыз орталық.

Біздің Университет Германия Түркия, Қытай т.б. шетелдік жоғары оқу орындарымен келісімшарттар жасады.

 Студенттерді шетелде оқыту  мақсатында жан-жақты халықаралық  іс  әрекеттер ұйымдастырылған.