Негізгі бет
Жаңалықтар
27.11.2020 Университетте Студенттік ректор сайланды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымы Студенттік ректорат төрағасы сайланды.
Студенттік ректорат Ережесіне сәйкес кеңеске мүше студенттер арасында ішкі дауыс беру арқылы биылғы 2020-2021 оқу жылына Өнер, мәдениет және спорт институтының 3 курс студенті Ибрагим Тоғжан төраға болып сайланды. Сайлау ашық форматта Zoom платформасында бақылаушы университет қызметкерлерінің қатысуымен өтті, сайлау нәтижесі арнайы хаттамада бекітілді.
Студенттік ректораттың Ережесіне сәйкес Студенттік ректор университеттің жоғарғы органы Ғылыми кеңес пен Ректорат жұмысына қатысуға, барлық студенттік мәселелерге қатысты университеттік жұмыс топтары мен комиссияларына қатысуға толық құқыққа ие болады. Студенттік ректордың басты міндеті университетттің білімгерлерінің құқықтары мен мүдделерін әртүрлі деңгейде қолдап, қажетті ұсыныстар мен идеяларды жоғары деңгейде көтеру болмақ.
2020-2021 жылғы Студенттік ректор болған Тоғжан Ибрагим: Өнер, мәдениет және спорт институтының Хореография мамандығының 3 курс студенті, 28.02.2001 жылы Қызылорда қаласында туылған.
Жетістіктері: №73 ғылыми-конференцияда 3-ші орын иегері, Д.Әбірқұлов атындағы республикалық ұлттық би жарысының жүлделі орын иегері, екі рет Ректор алғыс хатымен марапатталды.
Қоғамдық тәжірибесі: Екі рет 2018-2020 жылдары Студенттік ректорат мүшесі болды. Студенттік ректоратта 2018-2020 жылдары Студенттік ректордың орынбасары міндетін атқарып келді.
Университеттегі мақсаты: Өзін жан-жақты салада сынға сала отырып, үздіксіз дамумен шыңдау.
Тоғжан Ибрагимге жаңа міндетте сәттілік тілей отырып, алдыңғы 2019-2021 жылғы Студенттік ректор міндетін табысты өткізген Турегелдиев Қуанышқа дипломдық жұмысын табысты аяқтап, оқу орнын ойдағыдай бітіруіне тілектестік білдіреміз.
Студенттік ректорат
|