Негізгі бет
Жаңалықтар
30.11.2020 «Ділдер үндестігі: Абай және түркі әлемі өткені мен бүгіні» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел
26 қараша 2020 жылы Тарих және құқық институтының әлем тарихы кафедрасы мен Жамбыл облысының мұрағатының ұйымдастыруымен онлайн форматта қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған «Ділдер үндестігі: Абай және түркі әлемі өткені мен бүгіні» халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты - Хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және Ұлы Абай мұрасының әлемдік деңгейдегі өзектілігін көрсету.
Тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында дөңгелек үстелге Түркі әлеміне тиесілі мемлекеттердің ғалымдар қатысты. Атап айтсақ, университетімізден ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры Саябек Сахиев және «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ғалымдары, Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқарма басшысы Ғани Майлибаев, Түркия мемлекетіндегі Қазақ-түрік білім және зерттеу қоғамының төрағасы Ертолқын Ғайретуллах, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Б.Жамғыршынов атындағы Тарих, археология және этнология институтының ғалымдары қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстел барысында Хакім Абай даналығы, Ұлы Абай мұрасының бүкіл түрік әлемі мәдениетіндегі рөлі, Ұлы ақынның идеалды тұлғасының түркі әлеміндегі орны жайында баяндамалар жасалды.
Қазақстан, Түркия, Қырғыз елдерінің профессор-ғалымдары, қоғам қайраткерлері белсінділік танытып, өзекті тақырыптарды қозғап, ой бөлісіп отырды.
Аталған ғылыми шараға институттың 100-ден астам студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Кездесудің нәтижелерін әлем тарихы кафедрасының профессорлары мен ғалымдары қорытындылап, өз ойлары мен тұжырымдарымен бөлісті. Бірауызды пікір айтылды: мұндай кездесулер әлемдік абайтанудың дамуы үшін өте маңызды.
Тарих және құқық институты |