қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.11.2020

 

Құрметті білім алушылар, оқытушылар және қызметкерлер!

 

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

 

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімі тарихта егеменді Қазақстанның барлық жетістіктерімен байланысты тұлға ретінде, бүкіл қызметі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретінде мәңгілікке қалды. Елбасының арқасында Қазақстан ұлтаралық келісім мен халықтың бірлігі орнаған, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті дамып келе жатқан ел, халықаралық аренада танылған мемлекетке айналды. Оның бітімгершілік бастамаларын БҰҰ және көптеген елдердің басшылары жоғары бағалады.

 

Бұл күн Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен құрылысына қосқан зор үлесін көрсетеді. Бұл халықтың Тұңғыш Президентке деген ризашылығының заңды көрінісі.

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын, баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, оқуларыңыз бен жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын және бақытты болсын!

 

 

Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев