қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Төлегенұлы Нұржан

Төлегенұлы Нұржан

 

Қысқаша өмірбаяны

Нұржан Төлегенұлы 18.08.1984 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 1-ші сынып табалдырығын аттап. 2001 жылы мектеп-лицейін бітірген.

2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 5В010800 - Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқуға түсті. 2005 жылы аталған университетті бітіріп, бакалавр дәрежесін алды.

2006 жылы Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» мамандығына оқуға түсіп. 2008 жылы «Қозғалыс ойындары арқылы кіші мектеп оқушыларының тұлғааралық қатынастарын қалыптастыру» тақырыбында магистрлік диссертациясын үздік қорғап, педагогика және психология ғылымдарының магистрі атанды.

2011-2013 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің, «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін алған.

2005 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Тараз Институты, «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушы қызметіне қабылданған. 2008-2010 жылдары аталған оқу орнында Педагогика факультетінің декан орынбасары қызметін атқарған.

2011-2015 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлаудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистр, аға оқытушысы.

2018 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институты, «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасына қабылданып, қазіргі уақытта магистр, аға оқытушы қызметін атқаруда.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ

Дене шынықтыру және спорт бакалавры

2005

ТарМПУ

Педагогика және психология  магистрі

2008

 

Академиялық дәрежесі

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Педагогика және психология  магистрі

2008

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  

Әскери патриоттық тәрбие негіздері
Дене шынықтыру тарихы
Спорттың базалық түрлерін оқытудың теориясы мен әдістемесі (мектеп бағдарламасы бойынша)
ҚР ҚК дене дайындығын ұйымдастыру

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми ізденіс жолында республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми жобалардың бірнеше мәрте жүлдегері.

2018 жылы «Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүсеге асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдығына арналған Халықаралық  ғылыми-практикалық конференциясында мақаласы жарияланған.

2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ғылым және білім беру мекемелері арасында «Үздік жас ғалым - 2020» «Халықаралық кітап басылымы» жобасына қатысып I дәрежелі дипломымен марапатталған.

2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылым және білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Жас ғалым - 2020» төсбелгісімен марапатталған.

2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткен «Абай мұрасы - Қазақтың қасиетті қазынасы» атты халықаралық байқауының жеңімпазы.

2020 жылы ҚР Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР педагогтарының «Алтын төсбелгісімен» марапатталған.

 


← Кері оралу