қазақша · русский · english
   
Кәсіптік оқыту және компьютерлік технологиялар кафедрасы
 Тілебаев Қайрат Бейшенұлы
Профессор
Жаратылыстану ғылымдары ҰҒА корреспондент мүшесі, физика- математика ғылымдарының докторы
Төле би көшесі, 86
tlebaev@mail.ru

 

«Кәсіптік оқыту және компьютерлік технологиялар» кафедрасының құрылуы және даму тарихы

 

«Кәсіптік оқыту және компьютерлік технологиялар» кафедрасы Математика, физика және информатика институтының құрылымдық құрамы ретінде 2015 жылдың 1 қыркүйек айында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылыми Кеңесінің шешімімен құрылды.

Болашақ кафедраның қалыптасуы 2012 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және докторонтура институтының жаратылыстану пәндерінің жалпы кафедралары құрамынан бөлініп шығып, «Физика, механика және кәсіптік оқыту» (ФМ және КО) кафедрасының құрылуынан бастау алды.

Ең алғашқы кафедра меңгерушісі болып ҚР ҰҒА академигі, профессор Н.Ж. Такибаев қызмет атқарды. Н.Ж. Такибаевтың әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-не ауысуына байланысты 2012 жылы кафедра меңгерушісі болып физика - математика ғылымдарының докторы, проф. Баймаханұлы Альмухан болды.

2014 жылы кафедра меңгерушісі болып ҚазҰЖҒА-ның корреспондент мүшесі, физика - математика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Тлебаев тағайындалды.

2014 жылдың қазан - қараша айларында Магистратура және PhD докторонтура институты қайта ұйымдастырылды. «Физика, механика және кәсіптік оқыту» кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, физика және информатика институтының құрамына 6М011000 - Физика, 6М060400 - Физика, 6М060300 - Механика, 6М12000 - Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша магистрантар және 6D011000 - Физика мамандығы бойынша PhD докторанттар дайындайтын құрылымдық кафедра ретінде кірді.

2015 - 2016 оқу жылдарының басында Математика, физика және информатика иститутының құрылымдық құрамдары - кафедралар оңтайландырылды. Оңтайландыруға дейінгі кафедралар біріктірілді және кеңейтілді. Біздің кафедра «Механика және қолданбалы физика» (кафедра меңгерушісі проф. Уалиев Г.У.) және «Физика, механика және кәсіптік оқыту» (кафедра меңгерушісі проф. Тлебаев Қ.Б.) сияқты екі кафедраның бірігуінің негізінде қалыптасты.

Кафедра меңгерушісі болып ҚазҰЖҒА - ның корреспондент мүшесі, физика - математика ғылымдарының докторы, профессор Тлебаев Қ.Б. тағайындалды.

Кафедраның ғылыми - педагогикалық бағыттары төмендегідей салаларды қамтиды: заманауи физиканың өзекті мәселелері мен негізгі принциптері; қолданбалы механиканың өзекті мәселелері; жоғары кәсіптік білім берудің теориясы мен практикасы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру, сонымен қатар, физика, механика және кәсіптік оқыту саласында ғылыми - педагогикалық кадрларды дайындау.

Кафедра төмендегідей мамандықтар бойынша бакалаврлар мен магистранттарды дайындайды:

Бакалавриат:

- «5В012000-Кәсіптік оқыту», біліктілігі - кәсіпкерлік және еңбек технолгиясы мұғалімі;

- «5В060300 - Механика», біліктілігі - механик, жалпы техникалық пәндер оқытушысы;

- «5В011000 - Физика» (ағылшын тобы), біліктілігі - физика мұғалімі.

Магистратура:

- «6М060300 - Механика»;

- «6М12000 - Кәсіптік оқыту».

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, ал көптілді топтарда дәрістер үш (қазақ , орыс және ағылшын ) тілдерде оқытылады.