қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.12.2020

«Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің Іріктеу кезеңі

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалін екі кезеңде өткізу жоспарланған.


Фестивальдің Іріктеу кезеңі 2020 жылдың 30-31 қазан күндері республикамыздың 50-ден астам жоғары оқу орында өткізіліп, 200-ге жуық үміткер Фестивальдің қорытынды кезеңіне жолдама алды. Қазіргі күні барлық үміткерлердің өтініштері жинақталып, Қорытынды кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуді.


Жалпыұлттық фестивальдің қорытынды кезеңі Абай атындағы ҚазҰПУ-да онлайн режимінде ағымдағы жылдың 4-5 желтоқсаны күндері өткізіледі.


4 желтоқсан күні Фестивалдің төмендегі байқаулары бойынша қатысушыларға іріктеу жүрігізіледі:
Абай өлеңдері;
Абайдың қара сөздері;
Абай әндері;
Абай - әлем тілдерінде;
«Абай әлемі» сурет өнерінде.

 

Қорытынды кезең нәтижесімен жеңімпаз атанған үміткерлер 5 желтосқан күні марапаттау рәсіміне қатысып, жүлделі орындармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Әрбір байқау бойынша арнайы қазылар алқасы бекітіліп, ZOOM платформасына сілтемелер жасалды.


Ресупбликамыздың ЖОО-да өткен барлық Іріктеу кезеңі турлары есептер жинақталып, қорытынды кезеңге қатысуға үміткер болған қатысушылар туралы ақпарат күнделікті @abaialеmi2020 инстаграм парақшасында жарияланып отырылды.


Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің Іріктеу кезеңі 30-31 қазан күндері өткізіліп, Фестиваль байқаулары бойынша 212 үміткер қатысты. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың 18-19 қараша күндері жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.


Ірікітеу кезеңінің қорытындысы бойынша төмендегі студенттер жеңімпаз атанып, қорытынды кезеңге жолдама алды.

- Абай өлеңдері байқауы бойынша - Жарқынбек Ермаман;
- Абай қара сөздері байқауы бойынша - Исанбай Баянсұлу;
- Абай әндері байқауы бойынша - Серікқызы Қарақат;
- «Абай әлемі» сурет өнерінде байқау бойынша - Ізмұхан Анель, Ғалымжанқызы Бақыт, Ербол Меруерт;
- «Абай - әлем тілдерінде» байқауы бойынша - Онктанго Кристиан - Онктанго Алели, Бахор Сүлейменова, Дон Лиху

 

Жеңімпаздар тізімі 
Алғыс хат иегерлерінің тізімі

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар
саясаты жөніндегі департамент