қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.12.2020

«Елбасы - кемеңгер көшбасшы» конкурсының қорытындысы


2020 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар айтысы орталығы «Елбасы - кемеңгер көшбасшы» онлайн-мүшайра өткізді. Мақсат - Елбасы Н.Ә.Назарбаевты құрметтеу және жас талантты ақындарды қолдау.

Біздің студенттер карантиндік шараларға қарамастан өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік бергені үшін іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.


Қазылар алқасының құрамында біздің университеттің профессоры Темірхан Тебегенов, талантты ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт фестивалінің» лауреаты Батырхан Сәрсенхан, филология ғылымдарының кандидаты Ерлан Қасенов болды. Онлайн - конкурсқа барлығы 40 өлең ұсынылып, оның 17-сі таңдалды. Конкурс қорытындысы бойынша бас жүлде университеттің мақтанышы Данияр Нысанғалиевке берілді. Бірінші орынды Алуа Асқар, екінші орынды Исман Мадина, Ергешбаев Нұрабылла және Құмарбек Нұркен иеленді.Үшінші орынды Қасым Әсет, Тұрарбек Мерей, Бейсен Айдана иеленді. Конкурс соңында О.Досбосынов атындағы жас ақындар орталығының директоры Шұғайып Сезімхан сөз алып, конкурсқа қолдау көрсеткені үшін университетке, қазылар алқасына, конкурсқа белсенді қатысқан «Жас қалам» ұйымына алғысын білдірді.