қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.12.2020

«Қазіргі білім берудегі әл-Фарабидің математикалық мұрасы» вебинары

 

2020 жылдың 10 желтоқсан Әл-Фарабидің математикалық мұрасы бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстыру және білім беру мазмұнына енгізу мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әл-Фараби білім беру орталығы, Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы, Математика, физика және информатика институты информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы заманауи білім беруде» вебинары өткізілді.

 

Вебинар барысында «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы заманауи білім беру жағдайында ғылыми жобасы хақында», «Тригономертическое наследие аль-Фараби», «Әл-Фараби бойынша оқушылардың арифметикалық-музыкалық құзырлылығы жайлы», «Әл-Фараби физикасы бойынша зерттеулер хақында», «Назарбаев зияткерлік мектебінде Әл-Фарабидің салу есептерін элективтік курс ретінде оқыту тәжірибесінен», «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы бойынша электрондық ресурстар», «Опыт проведения международных мега-уроков по изучению наследия аль-Фараби» тақырыптары бойынша баяндамалар жасалды. Вебинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты.