қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
17.12.2020

«Nur Otan» партиясы Такир Балықбаевты белсенді қызметі үшін марапаттады

 



ҚР Тәуелсіздік күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қолы қойылған марапаттау туралы куәлік пен төсбелгіні ұстаздар ұстаханасының ректорына «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров табыс етті. Бұл қуанышымен Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

 

«Бұл менің жеке жетістігім ғана емес, ең алдымен бұл университет қызметіне және біздің университеттің «Nur Otan» партиясы мүшелеріне берілген жоғары баға деп білемін. Оқу орнымыздағы партия мүшелерінің жалпы саны 730-дан асады. Біздің ортақ мақсатымыз - Елбасы Н.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың саясатын жүзеге асыру. Барлық мемлекеттік бағдарламаларды қолдай отырып, біз еліміздің дамуына және қазақстандықтардың өмірін жақсартуға өз үлесімізді қосамыз. Мен еліміздің жетекші саяси партиясы «Nur Otan» мен бізді, «нұротандықтарды» қолдайтындардың барлығына алғысымды білдіремін. Бұл марапат маған және менің партияластарыма одан да үлкен жауапкершілік жүктейді. Өздеріңіз білетіндей, дәл осы «Nur Otan» партиясы мемлекеттік билік пен қоғамның, Президент пен халықтың екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының тиімді арнасына айналды. Қазақстанның қазіргі кездегі барлық табыстары еліміздің бас партиясы мен оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты» деп жазды ректор.

 

 

17.12.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com