Біз туралы | Главная /
Әбдіғазиұлы Балтабай
Әбдіғазиұлы Балтабай
Филология факультетінің деканы,Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы-1974 жылы қазіргі әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығын алып шығады. Университет жолдамасымен республика Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына қызметке қалдырылады. 1974-1978 жылдары осы институттың театр және бейнелеу өнері бөлімінің ғылыми қызметкері ретінде екі томдық «Қазақ театрының тарихын» шығаруға атсалысады. 1978-1987 жылдары республикалық бұқаралық ақпарат саласында қызмет атқарады. Атап айтқанда, республикалық жастар газеті «Лениншіл жастың»(қазіргі «Жас алаш») тілшісі, бөлім меңгерушісі, сол кездегі республиканың бас газеті «Социалистік Қазақстан»(қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің аға тілшісі, «Жалын» журналының жауапты хатшысы қызметінде болды. 1987 жылы сол кездегі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының аспирантурасына түсіп, оны мерзімінен бұрын аяқтайды. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша 1990 жылы «Абай дәстүрі және Шәкәрім поэзиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Бұл жұмыс қазақ әдебиетінің тарихындағы ақтаңдақтар жөніндегі, оның ішінде ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы туралы тұңғыш диссертациялық зерттеу болатын. 1993-1997 жылдар аралығында университеттің қазақ филологиясы факультетінің деканы болды. Ал 1997 жылдан 2008 жылдың шілде айына дейін қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды. 2008 жылдың шілде айынан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология факультеті деканы қызмет атқарып келеді. 2001 жылы «Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алады. 2001 жылы оған профессор атағы беріледі. Профессор Б.Әбдіғазиұлы жоғары білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан белгілі ұстаз. Жас мамандар тәрбиелеу саласындағы жемісті еңбегі үшін ғалым-ұстаз 2006 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы мен арнайы мемлекеттік грантқа ие болды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Білім беру саласының құрметті қызметкері» атағы берілді. 2009 жылы Мәскеудегі Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі болып сайланды. Филология ғылымдарының докторы Б. Әбдіғазиұлының қаламынан туған 4 монография, 5 оқулық, 5 оқу құралы, 3 әдістемелік нұсқау, 4 типтік бағдарлама, 150-ден аса ғылыми мақалалары жарық көрді. Профессор Б.Әбдіғазиұлы республикадан тыс жерлердегі ғылыми-педагогикалық мекемелермен шығармашылық байланыс орнату бағытында жемісті еңбек етіп келе жатқан ғалым. Оның басшылығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ғалымдары Мәскеудегі Ресей Федерациясы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау академиясының ғалымдарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатып, 2006 жылдан бері Қазақстан мен Ресейдегі ана тілі мен төл әдебиетті оқыту мәселелеріне қатысты жоба бойынша жұмыс істеп келеді. Ғалым аталмыш академияда өткен халықаралық семинарларды ұйымдастыру комитетінің мүшесі болды және «Преподования родного языка и литературы в учебных заведениях России и Казахстана»( Москва, 2006), «Язык и литература в современном образовательном пространстве» (Москва, 2007), «Повышение квалификации педагогических кадров в ХХІ веке: традиции и инновации» (Москва, 2009) атты ғылыми жинақтардың авторы әрі редакциялық алқа мүшесі болды. Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 10 томдық Қазақ әдебиетінің тарихын дайындау жобасына, Семей мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы «Шәкәрім» ғылыми зерттеу орталығында орындалған «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясын және көп томдық «Шәкәрімтану мәселелері» және «Шәкәрім әлемі» сериялық зерттеулер жинақтарының редакциялық алқа мүшесі ретінде оларды дайындау мен шығаруға белсенді атсалысты.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|