Негізгі бет
Жаңалықтар
25.12.2020 Жалпы дамудың пәндік мамандануы бар педагогтарды даярлау жобасы командасының отырысы
2020 жылдың 24 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ онлайн-отырысы «Қазіргі педагогикалық білім беру: мазмұны, тәжірибесі, технологиялары» тақырыбы бойынша жалпы дамудың пәндік мамандануымен (құқық және экономика негіздері) мұғалімдерді/педагогтарды даярлау бағыты бойынша жоба командасының секциялық онлайн-отырысы өткізілді. Іс-шараға жоғары оқу орындарының өңірлік өкілдері, ғылыми ұйымдармен және жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Атқарылған жұмыс туралы жоба жетекшілері: ҚазҰПУ доценттері Жазылбек Л.И., Қалкаева Н.В., заң кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қазиева А.Н. баяндады.
Жаңа формациядағы педагогтарды даярлаудың жаңартылған мазмұнын имплементациялау, дуальді оқытудың механизмдерін әзірлеу және іске асыру, құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау бойынша әдістемелік орталықтар/кабинеттер құру бойынша жұмыс талқыланды. Тәжірибе алмасу бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы Г. Б. Исатаева және «№178 Лицей» КММ директоры К. Х. Шадиев баяндама жасады.
Секциялық онлайн-отырысты қорытындылай келе, қатысушылар қарар дайындады: 1) өңірлік мектептерде Құқық және экономика негіздері педагогтерінің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, оқушылардың танымдық қызметін жандандыру, олардың шығармашылық ойлауы мен дербестігін дамыту үшін оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу жөніндегі әдістемелік орталықтар/ кабинеттер ашу; 2) ББ міндеттерін іске асыру үшін ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты жолға қою, элективті пәндер тізбесін келісуге жұмыс берушілердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, кәсіптік практикаға басшылық ету, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты заңтану кафедрасының ПОҚ бағдарламалары мен әзірлемелерін рецензиялау.
|