қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.12.2020

«Латын» ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

2020 жылдың 24 желтоқсаны күні «Латын» ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 75 жыл толуына арналған «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияға Қанипа Бітібаеваның шәкірттері, қоғам қайраткерлері, профессорлар және Республика бойынша 70-тен астам мектеп мұғалімдері қатысты. Конференцияны Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысы Сайрангуль Жумадилова кіріспе сөзімен ашып, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі Мұхтар Төлеген, ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Фаузия Оразбаева, Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев, Қоғам қайраткері Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, ұстаздың шәкірті Түсіпхан Түсіпбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жанат Аймұхамбет, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Шынар Құрманбаева баяндама жасады.

 

Конференция қазақ педагогикасының ірі құбылысы, ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетін оқытудағы жаңашыл әдіскер, 40-тан артық оқу-әдістемелік оқулық, оқу құралдарының авторы Қ.О.Бітібаеваның педагогикалық мұрасы мен ұстаздық тағылымын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.