қазақша · русский · english
   
Студенттердің шығармашылық жұмыстары

          Кафедрада СҒЖЗ жоспарға сәйкес мамадық пәндері бойынша білімгерлердің ғылыми зерттеу және көркем шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етіледі. Білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстары шығармашылықпен ойлайтын және өз алған білімдерін практикалық және теориялық дәрістерінде қолдануға қабілетті, жоғарғы кәсіби көркем білімді игерген мамандардың даярлау сапасын арттыру мен тәрбиелеуде ең маңызды болып табылады. Танымның ғылыми әдістерін меңгеру, оқу талаптарын терең игеру студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарының басты мақсаты болып табылады.
          Кафедра білімгерлерді қалалық, облыстық, Республикалық студенттік университеттік көрмелерге шығармашылық жұмыстарымен қатысып тұрады. Білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедра жасаған приоритеттік бағыттарға (живопись, графика, дизайн) негізделеді және ғылыми конференцияларда, дөңгелек столдарда, семинарларда және шығармашылық көрмелерге міндетті түрде қатысып отырады.


          Шығармашылық мамандықтар кафедрасы бойынша студенттердің 71-ғылыми теориялық конференциясына қатысқан ғылыми баяндамалардың қорытындысы
     Биылғы жылы баяндамашылар ғылыми ізденістерімен қоса баяндамаларын слайд, көрнекі құрал, өздері тіккен киім үлгілерімен нақты дәлелдерді қолдана отырып, қызықты, тартымды қорғадыі. Секцияға ғылыми жетекшілері де қатысып, баяндама өрісін кеңейтуге ат салысты. Комиссияның шешімі бойынша төменгі студенттер келесі орындарға бөлінді:
Доклад бойынша:
І-орын - «Қазақ оюларының семантикасы», Мауленова Акзер, 2 курс 5В042100 - Графикалық дизайн мамандығы, Ғылыми жетекшісі: Муратаев К.К. - профессор

ІІ-орын - «Портрет жазудың ерекшеліктері», Жанту Қымбат, 3 курс студенті, 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу». Ғылыми жетекшісі: Мизанбаев Р. - п.ғ.к., профессор.
ІІ-орын - «Стимпанк. Стиль и современность», Вовк Екатерина, 3 курс студенті, 5В042100-«Графикалық дизайн». Ғылыми жетекшісі: Киргизбекова С.С. - аға оқытушы.

ІІІ-орын - «Творчество Н. Рушевой», Серкина Диана, 3 курс студенті, 5В042100-«Графикалық дизайн». Ғылыми жетекшісі: Киргизбекова С.С. - аға оқытушы.
ІІІ-орын - «Капричиос Франциско Гойя», Пироженко Светлана, 2 курс, 5В041400-«Графика». Ғылыми жетекшісі: Татаева А.Е. - ф.ғ.к., аға оқытушы.
ІІІ-орын - «К проблеме преобразования города средствами искусства», Баева Мария, 1 курс студенті, 5В042100-«Графикалық дизайн». Ғылыми жетекшісі: Турганбаева Ш.С.- өнертану докторы.