қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Абдиманапов Бахадурхан Шарипұлы

Абдиманапов Бахадурхан Шарипұлы

 

География ғылымдарының докторы, профессор, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің құрметті профессоры жалпы жұмыс өтілімі мамандық бойынша 24 жыл.

Зерттеу тақырыбы: Қазақстанның оңтүстік - шығыс  бөлігінің геоэкологиялық қауіпсіздігінің географиялық негіздері.

Оқытатын пәндері: «Жердің дамуы және географиялық заңдылықтар», «Ландшафтық жобалау», «ҒЗЖ ұйымдастыру және жоспарлау», «Тұрақты дамудың географиялық аспектілері», «Ландшафтық кеңістікті уақытша ұйымдастыру».

Жетістіктері. Автордың 100-ге жуық ғылыми еңбегі, 15 оқулық және оқу-әдістемелік құралдары ҚР БҒМ ұсынылған, 5 монография, 80 жуық мақалалары арнайы журналдар мен конференцияларда жарияланған. 2014 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы», 2016 жылы  «Айрықша еңбегі үшін» медальмен марапатталған. Біліктілікті жетілдіруде 15 сертификаты бар.

Ғылыми қызығушылық аясы: табиғи тәуекелдер, табиғи апаттар, табиғи және техногенді адам табиғаты сипатынан болатын төтенше жағдайлар.

 


← Кері оралу