қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.01.2021

Қысқы мектеп Абай шығармаларындағы тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қарастырады


2021 жылы 14 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қашықтан оқыту форматындағы педагогикалық білім» Қысқы мектебі аясында «Толық адам» тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында сессия өтті.

 

Кезекті семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашты, ол тақырыптың маңыздылығын атап өтіп, университетте осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.


Семинар барысында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Бекбенбетова және спикерлер - «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет, академик С. Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, абайтанушы Марат Бекбосынов Абайдың «Толық адам» ілімі мен оның қалыптасу эволюциясы туралы баяндама жасап, Ұлы Абайдың тұжырымдамалық көзқарастарын ескере отырып, университеттің тәрбие, әлеуметтік жұмыстар бойынша жұргізіліп жатқан жұмыстарға талдау жасап,қатысушыларды «Толық адам» идеясын жүзеге асыру жолдарымен таныстырды.

 

«Университеттің дамуын психологиялық қолдау» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жәмилә Намазбаева Абай шығармаларындағы «Толық Адам» идеясына философиялық, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан талдау жасай отырып, Абайдың психологиялық көзқарастары аясында тұлғаны дамыту туралы баяндама жасады.


Семинарға институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Баяндамалар соңында «Толық адам» тұжырымдамалық идеяларын университеттің тәрбие жұмысына енгізу туралы пікір алмасу болды. Спикерлер ұсынған материалдардың өзектілігі атап өтілді, семинар қатысушыларынан кері байланыс алу мақсатында сауалнама жүргізілді.
Қысқы мектеп аясында КЦҰҚӘ және көшбасшылыққа бейімдеуді енгізу бойынша тренер- Озат Байсеркеевтің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11-14 қаңтар аралығында «Көлденең-циклдық ұйымдық құрылымды дамыту (КЦҰҚ). Инновациялық басқару моделіне көшу» тақырыбында курс-практикум өткізілді.

 

Курс тыңдаушылары - институт директорлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы бірыңғай корпоративті ортадағы өзара әрекеттесу философиясымен, білім сапасын басқарумен, инновациялық басқару моделіне көшу жағдайында көлденең-циклдік ұйымдастырушылық құрылымды дамыту стратегиясымен танысты.