Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
14.01.2021 Қысқы мектепте қашықтан оқыту проблемалары талқыланды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қашықтан оқыту форматындағы педагогикалық білім» Қысқы мектебі аясында төрт сессия өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірінші сессияда ғылым департаментінің директорының міндетін атқарушы Ұлжарқын Абдигапбарова «ASAP жүйесі бойынша ғылыми жұмыстарды бағалау әдістемесі мен рәсімдері. Scival ғылыми бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралы ретінде» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың институт директорларының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, ғылыми жетекшілер, докторанттар қатысты. Тыңдаушылар ASAP-тың қашықтан мониторинг жүргізудегі және ғылыми жұмыстарды жетілдірудегі артықшылықтарымен танысты. Юлия Калчун ғылыми жетекшілердің ғылыми жұмыстарын түзету үшін плагиатты анықтауға көмектесетін ASAP жүйесінің алгоритмін ұсынды.
Рабиға Қажымқұлова Scival-мен ғылыми бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралы, дәйексөз алу саласындағы зерттеу нәтижелері және оның құралдары, зерттеу өнімділігіне қол жеткізудегі коллаборацияның рөлі туралы таныстырды. Сессия қатысушылары спикерлер ұсынған материалдардың өзектілігін атап өтті, ЖОО-ның ғылыми зерттеулерімен байланысты проблемалар туралы өз ойларын талқылады.
Екінші сессия «Студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту» тақырыбына арналды. Сессияны халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Маржан Таджиева дайындады. ЖОО қашықтан оқыту жағдайында прокторингпен байланысты мәселелерге терең талдау жасалды. Семинар барысында шетелдік спикерлердің қатарында Ұлы Витаутас Литва университетінің вице-канцлері Илона Тандзегольскене және Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы (Ресей) Дарья Миляева қашықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
14.01.2021 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz
|