Негізгі бет
Жаңалықтар
14.01.2021 «ЖОО оқу әдебиеттерін даярлауға қойылатын талаптар» онлайн-семинары өтті
«Оқу басылымдарына ҚР БҒМ/РОӘК ОӘБ грифін беру тәртібі» туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі РОӘК ОӘБ-ЖБТ ғылыми хатшысы Ұлмекен Нургалиева баяндама жасады. Баяндама барысында оқулық, оқу құралына қойылатын талаптар мен ҚР БҒМ/РОӘК ОӘБ грифін беру тәртібіне толығымен тоқталды. Баяндамашыға бірнеше өзекті сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.
Келесі сөз кезегі Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Қалампыр Жұмағұлова берілді. «Жаратылыстану пәндері бойынша оқу әдебиеттерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамада оқулық пен оқу құралы, әдістемелік құралдардың бір-бірінен басты айырмашылығы, ерекшеліктері, қойылатын талаптары туралы өзекті мәселелер қарастырылды. Баяндамашыға бірнеше сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімі қызметкері Айкун Куспанова ның «География», «Экология» және «Туризм» мамандықтарының оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілу деңгейі» баяндамасында соңғы 10 жылдағы білім беру бағдарламаларының әдебиеттермен қамтылу деңгейіне мониторинг жасалған. Сонымен қатар, кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыру бойынша жасалынған іс-шаралармен таныстырып өтті. Сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімі қызметкері Жанар Қорғанбаева «Химия, биология мамандықтарының оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілу деңгейі» баяндамасында «Химия» білім беру бағдарламалары бойынша соңғы 10 жылдық әдебиеттер көзіне мониторинг жасады, электронды ресурспен жұмыс жасау тәртібімен таныстырып өтті. Баяндамадан соң бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптары берілді.
Білім беру бағдарламаларын даярлау және әдістемелік сүйемелдеу бөлімі қызметкері Шолпан Карбаеваның бастамасымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универсиеті мен АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебінің» заманауи мектепке магистратура деңгейінде жоғары білікті педагогикалық кадрлар даярлау туралы бірлескен жобасы талқыланды. Жобаға қатысты ой-пікірлер мен сұрақтар қойылды.
Онлайн-семинардың соңында қатысушылар өз ойларын, сұрақтары мен тілектерін ортаға салды. Семинарды Шолпан Карбаева қорытындылады.
|