қазақша · русский · english
   
Магистранттарды оқытуға арналған 6М060800-Экология мамандығының сипаттамасы.

Магистранттарды мамандық бойынша дайындау АБ №0137373 сериялы ҚР БҒМ 03.02.2010ж. лицензияның негізінде жүргізіледі, №01 10083 2010 жылдың 3 ақпанына қосымшасы. Ғылыми және педагогикалық бағыттың бітірушілері жалпы білім беретін, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытушы, ғылыми-зерттеу институттарында аға және кіші ғылыми қызметкер, табиғатты қорғау және мониторинг мекемелерінде эксперт, сондай-ақ басшылық қызметтерінде жұмыс атқара алады.

 

Оқыту түрі - күндізгі, оқу мерзімінің ұзақтығы ГОСО РК 7.09.139 - 2010 сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша мерзімі - 2 жыл. Оқу үдерісін кафедра қамтамасыз етеді, базалық және таңдаулы пәндердің жүргізуін, педагогикалық және кәсіби іс-тәжірибелерге басшылық етіп, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асырады.

 

Басты мақсат ретінде магистранттарды негізгі биологиялық алуан түрліліктің компоненттерін сақтау және тұрақты пайдаланудың түсініктерімен, концепцияларымен және мәселелерімен, табиғатты пайдалану стратегиялары және биоалуантүрлілікті сақтаудың құқықтық негіздерін құру, экологияның қазіргі заманғы мәселелерін зерттеумен таныстыру, магистранттарды халықаралық экологиялық РИО конвенцияларын іске асыру бойынша ұлттық әлеуетті бағалау үшін тақырыптық аймақтар арасындағы байланыстарды айтарлықтай терең түсінуге, оларды жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде жүйелендірілген әрі ұйымдасқан түрде іске асырудың жолдарын көрсетеді.