қазақша · русский · english
   
Магистранттардың жеке жоспарлары

Магистранттардың жеке жұмыс жоспарлары белгіленген форма бойынша оқытудың барлық кезеңін қамтиды және оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі. Магистранттардың жеке жұмыс жоспарлары ГОСО РК 5.04.033 - 2011 сәйкес дайындалған. Жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білім. Магистратура. Негізгі талаптар.

 

Магистранттардың жеке бағдарламалары келесі бөлімдерді қамтиды: жеке жұмыс жоспары, ғылыми-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, мерзімдері және есеп беру түрі), іс-тәжірибе (бағдарлама, база, мерзімдер және есеп беру түрі), негіздемесі және құрылымы бар магистрлік диссертацияның тақырыбы, магистрлік диссертацияны орындау жоспары, ғылыми басылымдар жоспары, іс-тәжірибелер жоспары.

 

Жеке оқу жоспары магистрантпен эдвайзер, қатысында құрастырылады, ол топты модульдік білім беру бағдарламысндағы екі траектория бойынша ұсынылған пәндер бойынша кеңес береді. Жүргізіліп отырған модульдік білім беру бағдарламасы магистранттардың көпшілік топтарымен қарастырылып, нәтижесінде нақты білім беру бағдарламасы таңдап алады. Таңдаулы пәндерді таңдау үшін магситранттарға таңдаулы пәндер каталогы ұсынылады, ол екі модульдік бағдарламаның пәндерінен тұрады. Әрбір пәннің қысқаша сипаттамасы беріліп және оқытушының ғылыми атағы мен дәрежесі көрсетіледі. Эдвайзер пәнді таңдауға көмек береді, бұл жалпы модульдік білім беру бағдарламасын таңдауға негіз құрайды.