Жатақханаға орналастыру шарттары Студенттер мен магистранттарды жатақханамен қамтамасыз ету
Студенттер мен магистранттарды жатақханаларға орналастыру жұмыстары университет ректорының 2015 жылы 26 тамыздағы №01-05-131 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды. Әр институтта студенттер мен магистранттарды жатақханаға орналастыру барысын әділетті, шынайы жүргізілуін қадағалайтын төмендегі құрамда арнайы комиссия құрылады: а) Институт директоры, факультет деканы; ә) Тәрбие басқармасының қызметкері; б) Тәрбие ісі жөніндегі директор (декан) орынбасары; в) Институт (факультет) Ардагерлер Кеңесінің төрағасы (төрайымы); г) Институт (факультет) Қызметкерлер кәсіподағы ұйымы және Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы (төрайымы); д) Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы (төрайымы); е) Әр курстан бір белсенді студент (магистрант).
Студенттер мен магистранттарды жатақханаға орналастыруда төмендегі категорияларға басымдық берілсін: а) мемлекеттік грант иегерлеріне; ә) 1,2,3, топтағы мүгедектерге; б) толық және жартылай жетімдерге; в) оралмандарға; г) көп балалы және толық емес отбасынан шыққандарға; д) шалғай облыстардан келгендерге; е) белсенділер мен оқу озаттарына; ж) студенттік құрылыс жасағында жұмыс жасаған студенттерге. Барлық жатақханаларда Студенттік кеңестері жұмыс жасайды. Аптасына бір рет Студенттік кеңес отырысы өткізіледі. Барлық жатақханаларда іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сәйкес шаралар кешені үздіксіз ұйымдастырылады. Мереке күндері барлық жатақханаларда университет әкімшілігі мен профессор-оқытушылар құрамының кезекшілігі жүргізіледі.
|