Негізгі бет
Жаңалықтар
22.01.2021 Г.И.Исимбаева «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
2021 жылы 21 қаңтарда «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мәжілісі өтті.
Директорлар кеңесінде «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткері Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы сайланды.
Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы - төртінші және бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, көптеген жылдар Алматы қаласының білім басқармасының бастығы болып істеген.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ректоратының жиналысында Гүлмира Истайбекқызы Исимбаеваны Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде министрлік тарапынан ұсынысты қабылдағаны үшін рақметін айта отырып, Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайланғанымен құттықтады. Исимбаева Гүлмира Истайбекқызының заң шығармашылық саласындағы, тікелей ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» заңдарын талқылау және оның қабылдау кезінде зор үлесін қосқаны туралы ерекше атап өтті - ҚР БҒМ Асхат Аймағамбетов.
Іс-шара барысында Гүлмира Исимбаева: «15 қаңтар 2021 жылдың Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Жеті басылымдықтың бірі ретінде Елбасы бастаған адами капиталды дамыту екендігін атап өтті. Сонымен қатар өңірлер мен әлеуметтік топтар арасында білім сапасының алшақтығын жою жөнінде нақты тапсырмаларды берді. Ол тапсырмаларды орындау әсірессе білікті мұғалім дайындау мәселесіне тікелей қатысты. Сондықтан Директорлар кеңесі университет ұжымымен бірлесе отырып Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, Мемлекет Басшысы К.К. Тоқаевтың тапсырмаларын орындауда университеттің әрі қарай дамуына өз үлесін қосады деп сенемін» - деді.
Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің мәжілісінде «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор қызметіне конкурс өткізу туралы шешім қабылданды.
|