қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.01.2021

Вашингтондағы Капитолийді басып алудың АҚШ саясатына әсері туралы ғылыми вебинар

 

2021 жылдың 23 қаңтарында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-зерттеушісі М.Б. Асанбаев «06/01/2021 - Вашингтон, Капитолийге баса көктеп кіру және оның АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатына әсері» тақырыбында ғылыми вебинар өткізді.

 

Вебинардың мақсаты - 2021 жылы 6 қаңтар күні АҚШ-та Д.Трамп жақтастарының Капитолийге баса көктеп кіру оқиғасы қарастырылды. Бұл оқиға Конгрестегі дауыс беруді бірнеше сағатқа кідірткенімен, Байденнің келесі Президент болуына кедергі келтіре алмады.


Вебинар барысында осы оқиғаның әлемдегі ең ірі елдердің бірінің ішкі және сыртқы саясатына әсері, сондай-ақ Америка қоғамы қандай салдарларға тап болды: бөлінген ұлт, мемлекет пен биліктің саяси жүйесіне сенімсіздік. Бұл сұрақтар адамзаттың жаңа тарихын, әсіресе жаһандану дәуірін зерттеу үшін өте маңызды.