қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.02.2021

Дәстүрлі оқу форматына даярлық мәселесі талқыланды


2021 жылы 28 қаңтарда Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор м.а. Жанатбек Ішпекбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға Тәрбие департаменті, Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департамент өкілдері мен институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орныбасарлары, Денсаулық сақтау пунктінің медициналық қызметкерлері қатысты.


Жиынның күн тәртібінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтай отырып, көктемгі семестрде офлайн форматы бойынша оқуға келетін 1 курс студенттерін жатақханаға орналастыру, жатақханаларда кезекшілік ұйымдастыру, студенттерді медициналық тексерістен өткізу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.


Жиын барысында проректор Жанатбек Ішпекбаев күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде бірқатар тапсырмалар беріп, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша нұсқаулықтар ұсынды.


Сонымен қатар, алдағы сенбі-жексенбі күндері студенттерді жатақханаға орналастыру жұмысын оңтайлы жүргізу тапсырылды.


Жиында көктемгі семестрге даярлық мәселесі бойынша арнайы Штаб құрылып, барлық оқу ғимараттары мен жатақханалардың оқу үрдісіне әзірлігі бойынша мониторинг жүргізілгендігі туралы айтылды.


Өкім

 

   

 

   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар

саясаты жөніндегі департамент