қазақша · русский · english
   

Еуропалық үлгідегі
дипломға қосымша беру туралы
(Diploma Supplement)


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларын табысты аяқтаған бітіруші түлектерге Diploma Supplement берілуі мүмкін.


Diploma Supplement (DS) - еуропалық үлгідегі дипломға қосымша немесе ұлттық дипломға Жалпыеуропалық қосымша - бұл Еуропалық комиссия, Еуропа Кеңесі мен ЮНЕСКО өкілдерінен құралған бірлескен жұмыс тобы әзірлеген ресми халықаралық құжат, білімі жөніндегі құжатқа қосымша беріледі.


Diploma Supplement беру Болон үдерісінің басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Болон үдерісіне қатысушы елдердің көптеген ЖОО-да өз түлектеріне аталған құжат беріледі, бұл құжат шетелде білімін жалғастыру үшін немесе жұмысқа орналасу үшін қажет. Болон үдерісіне қатысушы елдердің барлығында мойындалған.


Стандартты түрдегі Diploma Supplement халықаралық ашықтық пен әділ академиялық және түрлі елдердегі ЖОО бітіруші түлектердің біліктілігін (дипломдардың, дәрежелер, сертификаттар және т.б.) кәсіби тануды қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламасының тетіктерін түсіндіреді.


Diploma Supplement аяқталған білімнің сипатын, деңгейін, мәртебесін, мазмұны мен нәтижелерін сипаттайды, жоғары білім берудің ұлттық жүйесі туралы қосымша ақпарат береді, бұл тиісті білім беру жүйесіндегі аталған мамандықтың алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жүктемесі ECTS кредиті негізінде келтіріледі, бұл білім берудің ұлттық жүйесінің еуропалық жүйемен арақатынасын белгілеуге мүмкіндік береді.


Diploma Supplement толтырылуы міндетті 8 бөлімнен тұрады:
Бұл дипломға қосымша Еуропалық Комиссия, Еуропалық Кеңес және ЮНЕСКО/CEPES әзірлеген үлгіге сәйкес. Қосымшаның мақсаты - халықаралық ашықтық пен әділ академиялық және түрлі елдердегі ЖОО бітіруші түлектердің біліктілігін (дипломдардың, дәрежелер, сертификаттар және т.б.) кәсіби тануды қамтамасыз ету мақсатымен жан-жақты мәліметтерді ұсыну. Қосымшада оқыған және табысты аяқтаған мамандық туралы құжаттың түпнұсқасында аты аталған тұлғаның оқуының сипаты, деңгейі мен мәртебесі беріледі. Қосымшада баламалылық туралы пікір, өтініш немесе тану туралы ұсыныстарға рұқсат берілмейді. Мәліметтер барлық сегіз бөлім бойынша ұсынылуы тиіс. Мұндай мәліметтер болмаған жағдайда себебі көрсетілуі тиіс.


1. Біліктілікті алушыға теңдестірілген мәліметтер:

1.1. Тегі;
1.2. Аты;
1.3. Туған мерзімі (күні/айы/жылы);
1.4. Сәйкестендіру нөмірі немесе студенттің коды (бар болған жағдайда).
2. Мамандыққа теңдестірілген мәліметтер:
2.1. Мамандық атауы және (пайдаланылған жағдайда) тағайындалған дәреже (негізгі құжат тілінде);
2.2. Біліктілікті алу үшін оқытылған білімнің басты саласы (салалары);
2.3. Біліктілікті тағайындаушы оқу орнының атауы мен мәртебесі (негізгі құжат тілінде);
2.4. Оқыту жүргізілген оқу орнының атауы мен мәртебесі (негізгі құжат тілінде);
2.5. Оқыту тілдері/емтихандар.
3. Мамандық деңгейі туралы мәліметтер:
3.1. Деңгейі;
3.2. Білім бағдарламасын меңгерудің ресми мерзімі;
3.3.Оқуға түсу кезіндегі талаптар.
4. Білім беру мазмұны мен қолжеткізген нәтижелер туралы мәліметтер:
4.1. Оқыту түрі;
4.2. Бағдарлама талаптары;
4.3. Бағдарлама туралы толық мәліметтер (мысалы, оқытылатын модульдер мен блоктар) мен алынған жеке нәтижелер: баллдар/бағалар/кредиттік бірліктер: (егер бұл ақпарат ресми түрде келтірілген хаттама болса, онда ол да келтірілуі мүмкін);
4.4. Бағалау үлгісі және бағаларды үлестіру бойынша нұсқаулық (бар болған жағдайда);
4.5. Жалпы топтастыру (негізгі құжат тілінде).
5. Мамандық қызметі туралы мәліметтер:
5.1. Одан әрі қарай оқу мүмкіндігі;
5.2. Кәсіби мәртебесі (бар болған жағдайда).
6. Қосымша мәліметтер:
6.1. Қосымша мәліметтер;
6.2. Ақпараттың қосымша көздері.
7. Құжатты куәландыру:
7.1. Мерзімі;
7.2. Қолы;
7.3. Лауазымы;
7.4. Ресми мөр немесе мөртабан;
8. Жоғары білім берудің ұлттық жүйесі.


Жоғары білім берудің ұлттық жүйесі туралы мәліметтер келтіріледі.

Diploma Supplement берудің тәртібі Абай атындағы ҚазҰПУ-ды бітіргендігі туралы дипломға Diploma Supplement ресімдеу үшін бітіруші түлек келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

- ректордың атына жазылған өтініш;

- диплом мен оның қосымшасының көшірмесі (түпнұсқалары міндетті түрде ұсынылуы тиіс);

- жеке куәлігінің көшірмесі;

- төлқұжатының жеке мәліметтері келтірілген бетінің көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе тегі, аты, әкесінің атының латын транслитерациясында жазылуы;

- тегін, есімін ауыстырғандығы жөніндегі құжаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);

- қосымша мәліметтер (алынған кәсіби тәжірибе: халықаралық жобаларға, конференцияларға қатысуы; тағылымдамалар және т.т.) 

Diploma Supplement ресімдеу мен беруді Институттар жүзеге асырады. Институт директорлары транскрипт негізінде еуропалық үлгідегі дипломға Қосымшаның формасын толтыруға жауапты тұлғаларды тағайындайды.
Diploma Supplement ағылшын тілінде толтырылады, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың логотипі бар бекітілген үлгідегі бланкіге шығарылады, университет ректорының, институт директорының және құжатты толтыруға жауапты тұлғаның қолымен куәландырылады, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мөрімен куәландырылады.
Ресімдеу мерзімі - өтінішті берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн.
Жоғары білім туралы диплом берудің болжанған мерзімінен 1 ай бұрын Diploma Supplement алу үшін өтініш берілген жағдайда Diploma Supplement дипломмен бірге берілуі мүмкін.
Diploma Supplement бір рет (тегін) беріледі және еуропалық үлгідегі диплом Қосымшаларын тіркеу Журналына тіркеледі.