Студенттердің педагогикалық тәжірибиесі 4 курс өндірістік-педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Филология және көптілді білім беру институты, филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 ж. 30 наурыз күні 4 курс барлық мамандықтартар студенттерінің өндірістік-педагогикалық практиканы қорытындылау конференциясы өтті.
Мұқағали-мәңгілік жыр 14.02.17. күні Сүйінбай Аронұлы атындағы №143 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті, филология мамандығының 3-4 курс практикант-студенттерінің ұйымдастыруларымен «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті п.ғ.д.,профессор Р.Ә.Шаханова құттықтау сөзімен ашып, практикант-студенттерге және олардың тәжірибе жетекшілері С.Т.Айбергеноваға, З.Ж.Османоваға алғысын білдірді. Әдеби-сазды кешке қонақ ретінде ақын Бақыт Беделханұлы және кафедра ұстаздары Р.Б.Бораш пен Б.Т.Қабатай қатысты.
25.01.17. күні 3-курс қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының практикант студенттері Кубашева Анар мен Әбіл Сымбат 7 «а»-сынып оқушыларына әдебиет пәнінен С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесінен үзінді «Каронмен күрес»әңгімесіне ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа практикант-нұсқаушы, хаттамаға жауапты А.С.Қали мен практика жетекшілері ф.ғ.к., доцент С.Т.Айбергенова, ф.ғ.к., аға оқытушы З.Ж.Османова, Б.Сайдахмет және пән мұғалімдері Г.Қ.Сейілбекова, Ғ.Ұ.Саурықова, З.А.Күреңкеева қатысты. «Болашақтың құрдасымын» атты әдеби жыр кеші Алматы қаласы Қожа ахмет Яссауи атындағы № 123 мектепте Филология және көптілді білім беру институты 5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай әдеби жыр кеші өткізілді. Жыр кешіне Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Б.Беделхан, актерлар Б.Қараманов, Д.Базарқұлов және М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған Республикалық жыр мүшайрасының бас жүлдегері -ақын Мақпал Мыса, институттың филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.Ә.Шаханова және кафедра әдіскелері қатысты. Кеште Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлары Бейбіт Қараманов пен Данияр Базарқұлов М.Мақатаевтың шығармашылығынан сахналанған көрініс көрсетсе, ақындар Бақыт Беделхан мен Мақпал Мыса ақиық ақынға арналған өз өлеңдерін оқып, М.Мақатаевы жыр айдынында ұрпақтан-ұрпаққа өз жырымен жалғасатынын, мәңгілік екенін айтып өтті. М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай өткізілген әдеби жыр кешінде мектеп оқушылары мен студенттер бірлесе ақын өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, ақын поэзиясын сахналық көрініске айналдырды. Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.Ә.Шаханова кешті ұйымдастырушы мектепте өндірістік педагогикалық практикадан өтіп жүрген 4 курс студенттеріне, жүргізушілер 4 курс студенттері Сапарғалиева Сая мен Мадияр Әсетке, мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, мектеп кітапханасына кафедра атынан естелік кітаптар қалдырды. М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай өткізілген әдеби жыр кеші оқушылар мен студенттерді, кеш қонақтарын қазақ өлеңінің шалқар шабытына бөледі.
3 курс оқу-әдістемелік практикасының қорытынды конференциясы
Филология және көптілді білім беру институтының педагогикалық практикаға жауапты Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы 2017 ж. 23 ақпаны күні сағат 15-00-де 202 университеттің кіші конференц-залында 3 курс «5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің оқу-әдістемелік практикасының қорытынды есеп конференциясын өткізді. Конференцияға университеттің Тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінен мамандар, институт басшылығы, мектеп әдіскерлері және кафедра оқытушылар құрамы қатысып студенттердің қорытынды есептерін тыңдады. Қорытынды конференция дәстүрден тыс сайыс түрінде өткізілді. Конференцияны институт бойынша практика жетекшісі п.ғ.к. Р.Б.Бораш жүргізіп отырды. Мамандық студенттері оқу-әдістемелік практикада жинаған іс-тәжірибелерінің, өткізген сабақтарының нәтижесін топтар арасында оқу, білім, әдістеме, шығармашылық жұмыстар бойынша көрсетті. Конференцияға қатысушылар тәжірибе бөлімінен Ш.Қ.Жантілеуова, Институт директоры Б.Әбдіғазиұлы, кафедра меңгерушісі Р.Ә.Шаханова мамандық студенттеріне 3 курста өтілетін оқу-әдістемелік практиканың тиімділігі, атқарған, үйренген, іс-тәжірибеде көрсете алған жұмыстарының жақсы жақтарын айтып, пікірлерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысында: 1- орынды - «5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-тобы және 5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының -302 тобы; 2-орынды - «5В012100 -қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-тобы; 3- орынды- «5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының -301 тобы иеленді. Оқу-әдістемелік практиканың қорытындысын сайыс түрінде өткізу студенттердің жинаған азды-көпті тәжірибелерін топпен бөлісіп, қиындығы мен қызығын тең бөлісуге, шығармашылық жұмыстарын нақты көрсете білуге тиімді екендігін байқатты.
«Есіңе мені алғайсың» атты әдеби кеші
Филология және көптілді білім беру институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының іс-тәжірибеден өтуші 3-курс студенттері Едігеева Мәншүк,Оңайбаева Арайлы және 4-курс студенті Маратова Шынардың ұйымдастыруымен және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектепте қаңтардың оныншы жұлдызында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби кеш өтті. Кеште сегізінші және оныншы сынып оқушылары ақынның өлеңдерін тақырыптық топтамаларға жіктеп оқыды, Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді шырқады. Мектептің жас әртістері «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетті. Студент-практикант Маратова Шынар мен 8-сынып оқушысы Арғынбаев Диас көгершіндермен өнер көрсетті. Кеш соңында көрермендермен бірге «Есіңе мені алғайсың» әні шырқалды. №29 балалар кітапханасының қызметкерлері Мұқағали ақынның кітаптарынан көрме ұйымдастырды.Мектеп оқушылары Мұқағали шығармашылығына қызығушылықтарын білдіріп,көрермендер жақсы әсер алды.
Ақын ұрпақтарымен кездесу
Ақпан айы қазақ поэзисының алыбы, біртуар ақын Мұқағали Мақатаевтың туған айы. Осы айды поэзия сүйер қазақ ұрпағы үлкен мереке - жыр мерекесіне айналдырады. 13 ақпан күні Алматы қаласының № 168 мектеп-гимназиясында Филология және көптілді білім беру институты 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай ақынның отбасымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне ақиық ақынның ұрпақтары ұлы Жұлдыз бен келіні Бақытгүл Мақатаевтар шақырылды. Кездесу кешін мектеп директоры Манас Саяхатұлы Тайкенов ашып, ақынның қазақ поэзиясындағы қалдырған мұраларының ұрпақ тәрбиесіндегі биіктігіне тоқталып өтті. Кеш қонақтары Мұқағали ұрпақтары, әрі мұраны жалғастырушы жанашыры ретінде оқушыларға ақынның жырға толы өмірінен сыр ақтарды, естеліктер айтып берді. Кездесудің оқушылар үшін тәрбиелік, танымдық мәні ерекше болды. Кеште ақын өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Кешке филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының әдіскерлері қатысып, студенттер мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарына сәттілік тілеп, кеш қонақтарына алғыс білдірді. Кеш қазақ поэзиясының тереңдігі мен сұлулығын паш етіп, ғасырда біртуар ақиық ақын Мұқағали Мақатаев мұрасының мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеп өтті.
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2017 жылдың 23-ақпан күні, сағат: 15.00 - де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бас ғимаратындағы №202 кіші конференц-залында 3 курс 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті және 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарында оқитын студенттердің оқу-әдістемелік практикалық қорытынды конференциясы өтеді. Конференцияға әдіскерлер мен студенттер толық қатысуы міндетті.
ұйымдастырушылар Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы Филология және көптілді білім беру институтые
Ұстаздыққа алғашқы қадам 2017 жылдың 16 қаңтарында сағат 11.00-де 425 аудиторияда Абай атындағы ҚазҰПУ-дің филология және көптілді білім беру институтында филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттері үшін «Ұстаздыққа алғашқы қадам» атты педагогикалық конференция өтті. Әдіскерлер, педагогтар, психологтар және білім алушылар қатысқан конференция ғылыми-әдістемелік сипатта өтті. «Ұстаздық пен мұғалімдіктің ара жігі», «Шешен сөйлеу- филолог мамандардың басты шарты», «Педагогикалық такт пен әдеп талаптары», «Студент келбеті- университеттің айнасы», «Әдебиет пен тіл- халақтың түп тамыры, адастырмас темірқазығы» атты жарыссөздерге қатысушылар мектепке іс-тәжірибеден өтуге бет алған жас түлектер үшін теориялық, танымдық, тәрбиелік мәні жоғары мәселелерді алға тартты. Әдемі әуен, көркем сөз оқумен ұштасқан конференция білім алушыларды қанаттандырып, жағымды көңіл күй туғызды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры С. Ж. Пірәлиевтің бұйрығы негізінде Филология институтының «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті», «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша 3-курс студенттерін оқу жоспарына сәйкес 2016 жылдың 18 қаңтар мен 13 ақпан айының аралығында Алматы қаласындағы мектептерге педагогикалық практикаға жіберілген болатын.
Ш.Уәлиханов ат. №12 мамандандырылған гимназияда Филология институтының «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 4-курс студенттерін оқу жоспарына сәйкес 2016 жылдың 11 қаңтар мен 19 наурыз айының аралығында, 3-курс студенттері 2016 жылдың 18 қаңтар мен 13 ақпан аралығында іс-тәжірибеден өтуде. Әдіскер-ғалымның «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша көрсеткен үлгілі сабағы тәжірибеден өтуші студенттер мен гимназия оқушыларына, мұғалімдеріне ерекше әсер берді және білім алудың, білім берудің оңтайлы әдісі екендігін ұқтырғандай болды. Педпрактика кезінде әдіскерлердің студент сабағын бақылап қана қоймай, әдістемелік көмек көрсетуі - әдіскер-ғалымдардың өз мамандығына, өз пәніне, студенттеріне деген ерекше сүйіспеншілігін де байқатты. Әдіскер-ғалымдар Нұрша Оразахынова, Бидана Қабатай, Ақманат Шамахованың өз істеріне аса жауапкершілік танытқаны да әріптестеріне үлгі.
|