I Қысқы аударма мектебінде біліктілікті арттыру
2021 жылдың 4-5 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасы, аударма бөлімінің оқытушылары (профессор А.Қ. Жұмабекова, ф.ғ.к. Н.Р. Шеңгелбаева, аға оқытушылар К.К. Ибрагимова, У.А. Ислямова, А.А. Нұржанова), магистранттары мен студенттері Кәсіби аудармашылар қауымдастығы, Қазақстандағы аударма компаниялары мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырған I Қысқы аударма мектебінің тыңдаушылары болды.
Спикер ретінде белгілі ресейлік аудармашылар мен аударма бөлімінде сабақ беретін оқытушылар: Мәскеу жазушылар Одағы мен Ресей аудармашылар Одағының мүшесі, кәсіби ілеспе аудармашы және киноаудармашы, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің еңбегі сіңген профессоры М. Загот «Ағылшын тілі арқылы жасалатын келіссөздер» тақырыбында; Омбы мемлекеттік университеті, шет тілдер факультетінің деканы Е. Маленов «Аудиовизуалды аударма» тақырыбында; Ресей халықтар достығы университетінің Инженерлік академиясы шет тілдер кафедрасының профессоры, «Аударма дидактикасы мектебінің» жетекшісі Н.Н. Гавриленко «Кәсіби-бағытталған аударманы оқытудың интегративтік үлгісі» тақырыбында; «Ресейлік жаңа университет» гуманитарлық технологиялар Институтының ғылыми жетекшісі О.Ю. Иванова «Аудармашының мәңгілік және өтпелі қызметі» тақырыбында; Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ағылшын тілі кафедрасының доценті М. Степанова «Ауызша аударманы онлайн оқыту: уақыт талабы» тақырыбында; Тольятти мемлекеттік университеті аударма теориясы және практикасы кафедрасының доценті А.Н. Малявина «Редакциялау vs постредакциялау» тақырыбында; Мурманск Арктика мемлекеттік университетінің доценті Е.В. Александрова «Аудиодескрипция негіздері» тақырыбында, Тоp-100 ресейлік аударма бюросына кіретін техникалық аударма және TTS бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу агенттігінің директоры Д.И. Троицкий «Жазбаша аудармашы жұмысын автоматтандыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамалардың өзектілігі туралы олардың тақырыбы айтып тұр. Үлкен пікірталас өрбіп, спикерлерге көптеген сұрақтар қойылды.
Оқытушылар оқу курстарының мазмұны бойынша көптеген ақпараттар алды және болашақта оларды өз құрылымын түзетуге қосатын болады.Студенттер мен магистранттар өздерінің бірегей мастер-классының авторы болып табылатын әр түрлі аударма мамандарын бір уақытта тыңдау мүмкіндігіне ие болды.
Қысқы мектеп аудармашы мамандығының шексіз мүмкіндіктерін, еңбек нарығының күн сайын жаңартылып отыратын жағдайларын және оған қойылатын талаптарды тағы да көрсетті.