қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.06.2016

Слупск қаласындағы Помор академиясының (Польша) делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-де


Академиялық ынтымақтастық шартының аясында 13 мен 18 маусым аралығында Слупск қаласындағы Помор академиясының (Польша) делегациясы Абай атындағы ҚазҰПУ-не келіп қайтты. Сапарды ұйымдастырумен Н.П. Абуева басшылығындағы халықаралық ынтымақтастық басқармасы айналысты. Делегация жаңа тағайындалған академияның ректоры Збигнев Осадовский мен неофилология Институтының профессоры, орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Галина Львовна Нефагина құрамында келді. 13 маусымда бірінші проректор М.Е. Ермағанбетовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ынтымақтастық мақсатындағы хаттамаға қол қойылып, студенттер мен педагог қызметкерлермен алмасудағы басым бағыттар анықталып, қосдипломды білім шарты мен басқа да мәселелер талқыға салынды. Сол күні қонақтар Абай атындағы ҚазҰПУ Институт директорларымен, филология Институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушыларымен кездесіп, Помор академиясының презентациясын ұсынды. Қонақтарды оқу ісі жөніндегі проректор А.Т. Құлсариева мен экономика және өндіріс мәселелері жөніндегі проректор Г.Қ. Тұрабаев қабылдады. Келіссөзге оқу басқармасының бастығы Ғ.З. Таубаева, академиялық ұтқырлық бөлімінің қызметкерлері де қатысты. Кездесуде екіжақты шарт бағдарламасы, студенттердің академиялық ұтқырлық мәселелері мен ынтымақтастықтың келешегі сөз болды. Збигнев Осадовский мен Г.Л. Нефагина Сорбонна-Қазақстан Институты, көптілді білім беру Институты, жаратылыстану мен география Институтттарында болып, тарих кафедрасы мен шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедраларының қызметкерлерімен кездесті. Помор академиясында семестрлік білім алып келген орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері мен магистранттарына бұл сұхбат өте қызықты болды. 
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы мәдени бағдарламаны да ойластырып, қонақтарды ҚР Бірінші Президент Паркі, Медеу, Шымбұлақ, ҚазҰПУ музейімен Алматы қаласының театрларын тамашалатты. Серіктестікке ашық, өз ісінің шеберлері Збигнева Осадовский мен профессор Галины Львовна Нефагинаға бұл сапар жемісті болды деген сенімдеміз.