қазақша · русский · english
   

Студенттер мен ПОҚ визалық қолдау
Визаның санаттары мен алу тәсілі

Іскерлік визасы шет ел оқытушыларына 90 күннен 3 жылға дейінгі уақытқа дейін береді. Қазақстанға іскерлік мақсатпен (іссапар, аса маңызды іскерлік сипатқа ие іскерлік келіссөздерге қатысу, симпозиумдар, конференциялар, тендерлер, келісімшарт жасау, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, сату операциялары, халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру, кеңес және аудиторлық қызмет көрсету) баратын шетелдіктерге беріледі. Іскерлік виза бір реттік, екі реттік, үш реттік және көп реттік кіру мен шығу үшін беріледі.
Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза.
Қажетті құжаттар:
Ұлттық паспортының көшірмесі
Факультетпен келісімі
Толтырылған сауалнама
Брондалған билеттің растамасы
Көші-қон полициясына Іскерлік визамен тіркелу үшін
Паспорт көшірмесі визамен және көші-қон картасымен, уақытша тұрғақтайтын мекеннің растамасы қажет.


Жұмысқа арналған «М1» санаттағы виза:
1) шетелдік жұмыскерге немесе шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат қағазының негізінде рәсімделген Қазақстанға жұмысқа бара жатқан шетелдіктерге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа бара жатқан және жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға қажеттілігі жоқ шетелдіктерге беріледі. көп мәртелік. 1 жылға дейін мерзімге немесе рұқсаттың қолдану мерзіміне арналған.
Қажетті құжаттар:
Еңбек шартының көшірмесі
Ұлттық паспортының көшірмесі
Толтырылған сауалнама
Брондалған билеттің растамасы
Көші-қон полициясына жұмысқа арналған визамен тіркелу үшін
ЖИТС мәліметінің түпнұсқасы
Еңбек шартының көшірмесі
4,5х3,5 екі фото
Паспорт көшірмесі визамен және көші-қон картасымен
уақытша тұрақтайтын мекеннің растамасы қажет.


Оқу визасы. ҚР баратын, сондай-ақ тағылымдамадын, оқу тәжірибесі және т.б. сонда оқитын шетел азаматтарына беріледі. (ОУВ) оқуға категориялы визасы бір реттік, екі реттік, үш реттік және көп реттік кіру мен шығу үшін беріледі.
Білім алуға арналған виза.
«L1» санатындағы визалар:
1) Қазақстан Республикасына орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын, соның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту ұйымдастырылған бағдарламаларды іске асыратын білім беру мекемелеріне оқуға, оқуға түсу үшін жіберілетін шетелдіктерге;
2) Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен этникалық қазақтарға (ұлттық тиістілігін растайтын құжаттары бар болған кезде) беріледі. 1 жылға дейінгі уақытқа беріледі.
Қажітті құжаттар:
Келесі курсқа өту туралы бұйрықтың көшірмесі.
Келісім шарттың көшірмесі (келісім шарт негізіндегі студенттерге)
Ұлттық паспортының көшірмесі
Толтырылған сауалнама
Көші-қон полициясына оқуға арналған визамен тіркелу үшін
Қабылдау туралы есептің көшірмесі
4,5х3,5 екі фото
ЖИТС мәліметінің түпнұсқасы
Паспорт көшірмесі визамен және көші-қон картасымен
Флюорографияның шешімінің көшірмесі
уақытша тұрақтайтын мекеннің растамасы қажет.
Ескерту: ҚР шекарасына өткен уақыттан 5 күн ішінде шет ел азаматы өзінің қоныс аударғанын көші-қон полициясына тіркелу керек. Уақытында тіркелмеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

 

Ануар Накисбеков
anuar_nakisbekov@mail.ru
+7 727 293 85 79
+7 775 774 4504
Мекен-жай: №1 оқу ғимараты, Қазыбек би 30, 202 кабинет.