"ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы" ғылыми орталығы | Басты / Ғылым / «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі / Құрылымдық бөлімдері / "ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы" ғылыми орталығы / Орталықтың хабараландырулары
2017 жылдың 26 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы, ұйымдастырушыларының бірі болып, «Достық үшін шекара жоқ: әлеуметтік және білім беру салалардың жүйелілік қарым-қатынасындағы жетімдер ұйымдар мамандардың кәсіби құзыреттілігін даму» Бірінші халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысады (Санкт-Петербург қ., Ресей).
Ынтымақтастық туралы келісім аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы «ЖҮЙЕЛІ ИНЖЕНЕРИЯ БІЛІМ БЕРУДЕ КҮРДЕЛІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАСАУ ӘДІСНАМАСЫ РЕТІНДЕ» ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушыларының бірі болды. Конференция Ресей Федерациядағы «Экология жылы», «Эко-Осень 2017» «РАНХиГС-тағы аймақаралық форум» аясында (халықаралық қатысуымен) Санкт-Петербург қаласында 2017 жылдың 25 қазанда өткізіледі. Конфереция ұйымдастырушылар - АҚБ «Акме» тұлғаның даму ғылыми орталығы», Ресей Федерация Президент жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академия және «Кәсіби дамуы» ғылыми жүйелілік журналдың (Санкт-Петербург қ., Ресей) қолдауымен.
2017 жылдың 24-25 қазаңда Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы Шяуляй университетімен (Литва) бірге «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды кәсіби сауықтыру және білім алу мүмкіндіктері» екі күнгі семинарды ұйымдастырады.
Семинарға арнайы педагогика және психология саласындағы бас ғалымдар: проф.др.Донатас Юргайтис, Регина Корвякене, доц.Эрика Масиляускене, проф.Люда Радзявичене, др.Лайма Томекене, Илона Добровольските, доц.др.Дарюс Масиляускас қатысады.
2017 жылдың 15 маусым - 15 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ басқаруымен «Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибе және технологиялары» тақырыбында республикалық әдістемелік фестиваль өткізіледі (ары қарай - Фестиваль).
Фестиваль мақсаты - жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға (балаларға) тиімді әдістемелік ұсынымдарды және технологияларды анықтап іске асыру, инклюзив үдерісіне енгізу мен дамытуда озық тәжірибені анықтау.
Фестивальға ғылыми-тәжірибелік орталық ұжымы мен қызметкерлері, ЖОО, Білім басқармасы қызметкерлері мен әдістемелік кабинеттер, оқытуда және тәрбиелеуде инклюзивті амалдарды қолданатын, ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдайтын, барлығына бірдей және кедергісіз оқытатын барлық деңгейдегі білім беру ұжымы педагогтары шақырылады.
Фестивальға қатысу үшін өтініштер 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін Ұйымдастыру комитетінің e-mail: sayakova197171@mail.ru поштасына жіберу қажет. ЖҮКТЕУ → Әдістемелік фестиваль ЕРЕЖЕСІ
13-15 желтоқсанда Превентивті суицидолгия және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығында «ЛогоАрт-терапияның жеке және топтағы заманауи әдістері» атты практикалық тренинг өткізіледі. Өткізетін псих.ғ.к., Мәскеу психоанализ институты мен Ресей білім беру академиясының Психология институтының оқытушысы Попова Татьяна Анатольевна.
Бағасы 20 мың теңге. 8747 416 50 76 нөмірі арқылы жазылуға болады.
2016 жылдың 25-26 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі "Превентивті суицидология және жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық - кеңес беру орталығы" және "Жігер" мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы" қоғамдық бірлестігі (Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен) инклюзивті білім беру бойынша ҚР-ң жоғары оқу орындарындағы үйлестірушілер үшін «ҚР-ң ЖОО-да инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» оқытушы семинар-тренингін өткізеді. Ақпараттық хат
МҮГЕДЕКТЕР ЖӘНЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!!! Ержан Татишев қоры мүгедектігі бар жастар үшін білім беру гранттарына конкурс жариялайды.
|