қазақша · русский · english
   

Абай атындағы ҚазҰПУ-інде «мектеп-колледж-жоо» ғылыми-әдістемелік кешені аясында п.ғ.д., профессор Ұ.М.Әбдіғапбарованың жетекшілігімен 2018-2020 жыл аралығында «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (ХХІ ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) бағыты бойынша АР05134253 «Дуальді-бағдарлық оқыту - болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты» тақырыбында Мемлекеттік бюджеттік грант жобасыұтып алынды.

Осы жобаға сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізілді:
- Дуальді-бағдарлық оқыту негізінде болашақ мұғалімді даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалды.
- 2018-2019 оқу жылында 6М010300- Педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранттарына «Мектеп-колледж-жоо іс-әрекеттерінің интеграциясы» пәні 2 кр көлемінде жүргізілді;
- 2018-2019 оқу жылында 5В010200 -Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесімамандығына «Дуальді білім берудің негіздері», 6D010500-Дефектология мамандықтарының оқу жоспарына «Дефектологтарды дуальды оқытуға дайындау» пәні енгізіліп, оқытылуда.
- Қазақстан Республикасы және Германия Федеративтік Республикасындағы педагогикалық мамандықтардағы білім алушыларға және жұмыс берушілерге сауалнама жүргізілді және нәтижелері талданды.
- ҚР жұмыс берушілеріне арналған сауалнама 20 сұрақтан құралды. 02.04.2018 ж. - 20.05.2018 ж. аралығында Жамбыл облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Алматы қаласынан 379 директор мен директор орынбасарларынан (мектеп, колледж) сұхбат алынды;
- 2018 жылдың 20-29 қазан аралығында Германияның білім беру саласындағы 41 білім алушы мен қызметкерлерден сауалнама,сұхбаттар алынды. Нәтижесінде Германияның Нюрнберг-Эрланген униерситетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор Вольфген Пайффер; көптүрлілік педагогикасының кафедра меңгерушісі, профессор А.А.Рахкошкин, педагогикалық білім беру Орталығының жетекшісі, доктор Анна Гинкель (Германия, Бавария); Бавария федеральдық аймағы Білім министрлігінің практикаға арналған кеңес беру орталығының жетекшісі, профессор Клаусс Ваилд; Лейпциг университетінің мұғалімдерді оқыту және зерттеу орталығының атқарушы директоры Александр Бидерман, жетекші қызметкері Саймон Полворз (Германия, Саксония) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Ұ.М. Әбдіғапбарова, Н.Б. Жиенбаева Қазақстан Республикасының болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісіне дуальді оқыту элементтерін ендірудің орны мен рөлін анықтауда сұхбаттасу негізде алынған талдаулар мен сипаттамалар алғышарттар жасайтындығы туралы ортақ пікірге келді.

Аталған жұмыс нәтижелеріалыс, жақын шетел басылымдарында - 6; халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда - 7; білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда - 7 мақалаларда жарияланды.