қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.02.2021

М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған кинорежиссер Шаяхмет Имашұлымен кездесу

 

2021 жылы 9 ақпан күні қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай, университет қабырғасында «Құрмет» орденің иегері, кинорежиссер, мұқағалитанушы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Шаяхмет Имашұлымен танымдық кездесу өткізілді. Шара шымылдығы М. Мақатаевқа арналған бейнероликпен ашылып, студент жастардың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым көрсетілді.

 

Шараны университетіміздің ректоры Такир Балықбаев ашып, ақынның шығармашылыққа толы өмірі туралы қызықты деректерге тоқталып, өлеңдерінің өміршеңдігіне және көркемдік ерекшелігіне тоқталды. Кеш қонағы Шаяхмет Имашұлы мұзбалақ ақынның өнегелі өмірінен сыр шертіп, елжандылық, әсемдік, махаббатқа толы өлең шумақтарын оқыды. «Бүкіл поэзиялық шығармаларын біріктірсе ол Мұқағалидің өмірі туралы бір ұзақ өмір-дастан болып шығар еді», - деді Ш. Имашұлы.

 

Жуырда ғана 70 жасқа толған кеш қонағы Шаяхмет Имашұлына университет ректорның алғыс хаты мен сый құрмет көрсетілді.

 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Мырзахан Ахметов Мұқағалимен 1975 жылы өткен жас ақын-жазушылардың республикалық кеңесінде Мұқағалимен кездескен естеліктермен бөлісіті.

 

Танымдық шара Жаратылыстану және география институтының ағымдағы жылдың 11-31 қаңтар күндері ұйымдастыруымен онлайн форматында өткен «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» шығармашылық байқауының мараппаттау рәсімімен жалғасты. Жалпы байқауға 103 қатысушы қатысып, 121 жұмыс әлеуметтік желіге жарияланды. Байқау төмендегідей үш бағытта жүргізілді:

- «Мұқағали жырларын мәнерлеп оқу»
- «Ақын мұрасына арнап шығарма»
- «Ақиық ақынға жыр арнау»


Жеңімпаздарды марапатту рәсімін кеш қонағы Шаяхмет Имашұлы жүргізіп, жеңімпаздарға өз батасын берді. 1 орынға 25 000 теңге, ІІ орынға 15 000 теңге, ІІІ орынға 10 000 теңге және ынталандыру сыйлығына ие болған білім алушылар 7000 теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. Үш бағыт бойынша 18 студент және 6 студент ынталандыру сыйлығына ие болды.


Жеңімпаздар тізімі

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті