Оқу үдерісі
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ 5В010800 «Дене шынықтыру» қазіргі заңнаманың нормаларын іске асыратын ( 2014 жылдың 3 шілдесінен «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы) және ЖОО-ның білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарына міндетті түрде енгізілетін пәндерге жатады. «Дене шынықтыру» жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклының міндетті компененті болып табылады, сонымен қатар, оқытудың қосымша түрлері аясында іске асады және ЖБП циклының жалпы кредиттері көлеміне кірмейді.
«Дене шынықтыру» пәнінің типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы оқытушылар мен студенттердің өз іс-әрекеттеріне басшылық етуге арналған. Болашақ маманның дене шынықтыру тұлғасын қалыптастыру және пәнді меңгеру деңгейінің талаптары бойынша бұл бағдарлама дене шынықтыру үрдісінде оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасын, бірлесуін анықтайды.
Бағдарлама Жоғары білім беру қызметтік ұйымдардың типтік ережесіне (ҚР Үкіметінің 17.05.2013 жылғы №499 қаулысы) және білім деңгейіне тиісті Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сай (ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысы) құрастырылған.
Пәннің құрылымы (Негізгі, дайындық және арнайы оқу бөлімдері)
Дене шынықтыру сабақтары СӨЖ-дің қосымша сағаттары мен қамтылмайды. Дене шынықтыру сабағы үшін аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 100 минутқа тең. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең. Жоғары оқу орындарындағы « Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты студенттердің әлеуметтік-тұлғалық компетенциясын қалыптастыру және дене шынықтыру және спорт құралдарын денсаулықты сақтап нығайтуға және кәсіби іс-әрекеттік дайындыққа қолдану.
Оқу пәні мазмұнының құрылымы Оқу пәні мазмұнының құрылуы ірі дидактикалық бірліктердің ерекшеліктерімен жүргізіледі (модуль, бөлім ). Оқу пәнінің мазмұны: кіріспе, бөлімдер( модульдер), оқу сабақтарының тақырыптары кіреді. «Дене шынықтыру» пәнінің оқытуға 8 кредитке бөлінген, оның ішінде практикалық сабақ, сондай-ақ қызығушылықтары бойынша клубтарда және спорттық секциялардағы қосымша сабақтар, бұл студенттер аптасына 8-10 сағат қозғалыс режимінде жүреді деген сөз. Дене шынықтыру курсы бойынша сағаттар студенттердің аудиториялық апталық жүктемесінің сағат торшасына бүкіл оқу кезеңінде аптасына кем дегенде 4 сағаттан енгізіледі. Сабақ кестесін құру барысында 4 академиялық сағат көлемінде екі реттік сабақ 2 байланыс сағат (0+0+2) бойынша апта бойына тең бөлінеді. Дене тәрбиесінің екі жұп сабақтарын бір күнде қосып өткізуге болмайды.
Оқу үдерісі «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға 8 кредит бөлінген, оның ішінде практикалық сабақ, сондай-ақ қызығушылықтары бойынша спорттық секциялардағы сабақта, бұл студенттер аптасына 8-10 сағат қозғалыс режимінде жүреді деген сөз. ҚР мемлекетік білім стандарты -(Жоғары білім. Балакавриат). ҚРМЖМБС 5.04.19-2011 (4.1 бабы) бойынша жалпы білім беру пәнінің циклындағы «Дене шыныктыру» пәні міндетті пән болып табылады, 240 сағат (8 кредит, 4 семестр) көлемінде оқытудың қосымша түрінде жүргізіледі. Типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалып, ҚР БҒМ 2013 жылы 16 тамызында № 343 бұйрықпен бекітіліп, жоғары білім беруден кейінгі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2014 жылы 03 қарашада №03-3/529 бұйрығымен іске енгізілген «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасының негізінде кафедрада қазақ және орыс тілінде ҚазҰПУ барлық мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттеріне арналып «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша ОӘК жасалып бекітілді («Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша ОӘК п.ғ.д., профессор А.Қ. Қарақов, м.ғ.д., профессор, академик А.Б. Бұрқашов және аға оқытушы М.М. Иралина жасап шығарды, кафедраның ПОҚ бірлескен авторлар болып табылады). ҚРБҒМ 17.06.2001 жылғы №261 « Жоғары және жоғары оқу кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, ҚР МЖМБС 5.04.19-2011 және 02.09.2008 жылғы № 498 «ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттіқ бағдарламасын жүзеге асыру туралы бұйрығына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ күндізгі бөлімнің 1-2 курс студенттері үшін аптасына 2 рет өткізіледі.
Арнайы оқу бөлімі Арнайы оқу бөлімі ауру реабилитациядан кейінгі немесе денсаулығының нашарлығына байланысты арнайы медициналық топтағы студенттерге арналған. Студенттердің жынысына, диагнозына, дене және функционалдық жағдайының деңгейіне байланысты арнайы бөлімде оқу топтарына топтастырылады.
Арнайы оқу бөлімінің оқу процесі келесіге бағытталған : - Студенттің ауруының көрсетілімі мен қарсы көрсетілімің ескере отырып, құралдарды талдау (жаттығуларды тандау және мөлшерлеу); - Студенттер дене жаттығуларың күнделікті объективті қолдануы және белсенділендіру, кызығушылығы мен еріктік компонентерін қалыптастыру - Студенттермен аурудың алдын алуда дене шынықтыру және спорт құралдарын қолдану әдісі бойынша, организмнің дене және функционалды жағдайын бақылау бойынша білімдерді қабылдау және меңгеру - Қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне организмнің төтеп беруі, функционалдық мүмкіншіліктерді жоғарылату, дене бітімі мен мүсінді коррекциялау және денсаулықты нығайту. 2016/2017 оқу жылының 1-ші курс студенттеріне алғашқы сабақта «ЖОО-дағы дене шынықтырудың пән ретіндегі маңызы» тақырыбында таныстыру сұхбаты өткізіліп, студенттердің қоғамдық өмірінде салауатты өмір салтының алатын орны атап өтілді. Студенттер арасында таланты спортшыларды іздеу мақсатында сауалнама жүргізілді. 07.10.16 жылғы №01-05-169 бұйрыққа сәйкес барлық мамандықтағы 1-2 курс студенттеріне медициналық тексеру жүргізіледі ( 10 қазан - 9 желтоқсан 2016ж.). Кафедраның ПОҚ осы жылдың қазан айының 24 - 29 аралығында 2016/2017 оқу жылының 1-ші жартыжылдығының 1-ші аралық бақылауын өткізді. Студенттердің сабаққа қатысуын және сабақ үлгерімін тексеру, бақылау нормативтерін тапсыру, студенттердің дене дайындығын тексеру бойынше тест нәтежелері оқу журналына қойылды. Әр оқытушы міндетті түрде өз топтарынан бақылау сынақтарын қабылдады. Институт кураторлары Елбасы сынамаларын тапсыру арқылы барлық мамандық бойынша 1-2 курс студенттердің дене дайындығының деңгейін тексерудің техникалық хаттамаларын толтырып өткізді.
Институт кураторларының барлық мамандық бойынша 2016/2017 оқу жылының 1 курс студенттерінің 1 семестрінің қорытынды есебі №4 кесте
Институт кураторларының барлық мамандық бойынша 2016/2017 оқу жылының 2 курс студенттерінің 1 семестрінің қорытынды есебі №5 кесте
2016/2017 оқу жылындағы ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысудың кестесі мен жорналына сәйкес кафедра ПОҚ сабақтарының сапасын тексеру жүзеге асырылып келеді; ПОҚ оқу-жаттығу сабақтарының нәтижелерін жазып өткізді (қыркүйек-қараша 2016ж.). 2016/2017 оқу жылының оқу кестесіне сәйкес спорт түрлері бойынша шеберлік сабағы өткізілді: 1. «Жеңіл атлетика» тақырыбы бойынша жеңіл атлетикадан шеберлік сабағын п.ғ.к., профессор Ә.Ж. Тастанов және аға оқытушы Ш.Ә. Меңдіғалиева өткізді (14.09.2016г.); 2. «Волейбол спорттық ойынының техникасын үйрету» тақырыбы бойынша волейболдан шеберлік сабағын п.ғ. магистрі Т. Ережепов өткізді (27.10.2016г.). 2016/2017 оқу жылындағы кафедра жұмысының кешенді-күнтізбелік жоспарының мазмұнына сәйкес ай сайын кафедра мәжілісі өткізіліп, онда оқу жылында жоспарланған мәселелер, сондай ақ, университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімдері талқыланады (кафедра мәжілісінің хаттамалары). 2016 жылы 1 қарашада өткен кафедра мәжілісінің шешімімен (№4 хаттама) «Қауымдастырылған профессор» және «Университет доценті» атағына конкурсқа түсуге мына төмендегі азаматтар ұсынылды: - аға оқытушы Иралина Мира Мустакимқызы (университет доценті); - аға оқытушы Сайдақов Еркін Мұқашұлы (университет доценті); - аға оқытушы Ерубаев Нұрақын Өмірәліұлы (университет доценті); - б.ғ.к., аға оқытушы Әбішев Асылхан Рахымжанұлы ( қауымдастырылған профессор); - п.ғ.к., аға оқытушы Әбішев Кендебай Сәметұлы ( қауымдастырылған профессор).
-ҚР мемлекеттік білім стандарты (Жоғары білім. Бакалавриат) ҚРМЖМБС5.04.19-2011 (4.1 бабы) бойынша жалпы білім беру пәнінің циклындағы «Дене шынықтыру» пәні міндетті пән болып табылады, 240 сағат (8 кредит, 4 семестр) көлемінде оқытудың қосымша түрінде жүргізіледі. -ҚРБҒМ 17.06.2001 жылғы № 261 «Жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, ҚР МЖМБС 5.04.19-2011 және 02.09.2008 жылғы № 498 «ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы бұйрығына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ күндізгі бөлімнің 1-2 курс студенттері үшін аптасына 2 рет өткізіледі. Есепті кезеңде жұмыс оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларына сәйкес орындалады, оқу сабақтары «дене шынықтыру» пәнінің жұмыс оқу жоспарына, оқу үрдісінің кестесіне, жұмыс оқу бағдарламасының мазмұнына және 2014/2015 оқу жылына арналған сабақ кестесіне сәйкес жүргізілді. 1 курстағы студенттер саны - 820 студент, ал 2 курста 820 студент. Жалпы: 1640. Дене шынықтыру сабағына қатысатын 132 топ бар. Кафедра практикалық және бітіруші емес болғандықтан, кафедрада мамандандырылған студенттер жоқ. 1 курс студенттері үшін алғашқы сабақта «Дене шынықтыру оқу пәні ретінде» тақырыбына шолу дәрісі оқылды. Сұрау жасалып, спорттың алуан түрімен айналысатын және спорттық дәрежесі бар студенттер тіркелді. Студенттердің құқықтары мен міндеттері, олардың қоғамдық өміріндегі дене шынықтырудың мәні мен орны түсіндірілді. Студенттер топтарға және 2014/2015 оқу жылына жоспарланған оқу жүктемесіне сәйкес оқытушыларға бөлінді, студенттердің медициналық тексеруден өтуіне бақылау жасалды. Кафедраның оқытушылары студенттермен оқу сабақтары мен жаттығу сабақтарын кәсіби деңгейде ұйымдастырып, өткізеді, тәжірибелік машықтар мен дағдылар жүйесін меңгеруге өте көңіл бөледі,студенттердің дене шынықтыруға деген ынталық-құндылық қатынастарын, салауатты өмір салтын, физикалық тұрғыдан, өзін-өзі жетілдіруді, дене жаттығуларына және спортқа деген қажеттілікті қалыптастыруда. Кафедраның ПОҚ және жоспардағы жоспарланған бөлімдер бойынша барлық жұмыс түрлерін жүргізді. Оқу және жаттығу сабақтары да тиісті деңгейде жүргізілді. Кафедра ПОҚ студенттер мен ЖОО арналған оқулықтардың, оқу- әдістемелік құралдардың және нұсқаулықтардың құрастырушысы болып табылады, ғылыми мақалаларын республикалық және импакт-факторы жоғары шетелдік басылымдарда жариялайды. Тәрбие жұмысын жатақханаларда да жүргізеді, студенттердің жетекшісі болып, табылады, кафедраның, университеттің жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шараларға, кезекшіліктерге қатысады. Студенттер «Дене шынықтыру» (валеология пәнімен бірге) пәні бойынша білім бағдарламасын меңгеруіне бағытталған оқу және бақылау іс-шараларының жиынтығы студенттердің оқу жетістктерін семестрдің 8 және 15 апталығында қорытынды дифференцияланған сынақ қоюмен анықталатын мерзім сайынғы тексеруден (аралық бақылау) тұрады. Студенттердің сабаққа қатысуын және сабақ үлгерімін тексеру, бақылау нормативтерін тапсыру және студенттердің физикалық дайындығын тексеру бойынша тест нәтежелері оқу журналына қойылады. Қорытынды бақылау алу үшін студенттерге жалпы және кәсіби-қолданбалы дене шынықтыру дайындығы бойынша міндетті тесттерді орындауы тиіс. Студенттерден ЖКҚ бойынша (қазан, 2014ж., сәуір,2015ж.,) бақылау нормативтері және арнайы бақылау нормативтері қабылданады.
Бағалау критерийлері Негізгі бөлім
Аралық бақылау
Арнайы медициналық бөлім
Аралық бақылау
Кафедрада өткізілген әдістемелік семинарлар мен шеберлік сабақтар
Ғылыми зерттеу жұмыстары
|