Негізгі бет /
Хабарландыру
24.09.2018
«Жоғары білім сапасы - бәсекеге қабілеттілік негізі» Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің мәжілісі
2018 жылғы 4 қазанда Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орыны, қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жылдығына байланысты «Жоғары білім сапасы - бәсекеге қабілеттілік негізі» тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің мәжілісі өтізіледі.
Мәжілісті ұйымдастырушылар ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Ректорлар кеңесінде «Жоғары педагогикалық білім берудің бәсекеге қабілеттілігі - уақыт талабы» және «ТМД елдеріндегі үздіксіз жоғары педагогикалық білім берудің ұлттық моделі» мәселелері талқыланады.
Іс-шараға ҚР Жоғары оқу орындары Ректорлары кеңесінің мүшелері мен Алматы қаласы жоғары оқу орындарының ректорлары қатысады.
Басталатын күні мен уақыты: сағат 11.30, 4 қазан 2018 жыл.
Өтетін орыны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, Ғылым ордасы. |