қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.07.2016

СТУДЕНТТІК ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жазғы маусымда студенттерді уақытша жұмыспен қамту және олардың демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2016 жылдың 30 маусымы күні Студенттік құрылыс жасағы және «Жасыл Ел» еңбек жасағы жұмысының ашылу салтанаты болып өтті. Шараны университетіміздің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е. Ішпекбаев ашып, жасақ құрамындағы сарбаздарға жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жасақ қатарына сарбаздарды қабылдау мамыр айы бойы жүргізіліп, нәтижесінде әлеуметтік қолдауға зәру, оқуда озат және қоғамдық шараларға белсене қатысқан 40 студент Студенттік құрылыс жасағы қатарына, 40 студент «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарына жұмысқа қабылданды. Жұмыс маусымы ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 31 тамызы аралығында жүргізіледі.
Жасақ қатарындағы жастар маусым бойы тегін жатақханамен қамтамасыз етіліп, оларға түрлі сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.
Жұмыс барысында студенттер оқу ғимараттары мен жатақханаларда жүргізілетін жөндеу жұмыстарына жұмылдырылады.
Жасақ қатарында еңбек ететін жастардың маусымдық жұмыстары жемісті аяқтауларына тілектеспіз.

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ