қазақша · русский · english
   
Хабарландырулар

1. Құрметті «Көшбасшылар» клубының мүшелері
Әр сәрсенбі сайын 506 аудиторияда «Көшбасшылық» арнайы курсы бойынша сабақ өткізіледі. Уақыты 16.00 сағ.
Сабақты 3 курс докторанты Ушатов Марат жүргізеді.
Мекен-жайы: Қазыбек би, 30
Курстың мақсаты - көшбасшылық қабілет пен дағдыларды, ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру, студенттердің шығармашылық бастамаларын ынталандыру, студенттік өзін-өзі басқару жағдайындағы жобалық қызметті үйрету.

2. Құрметті «Көшбасшылар» клубының мүшелері
Әр бейсенбі сайын 14 аудиторияда «Тұлғаның әлеуметтік даму негіздері» арнайы курсы бойынша сабақтар өткізіледі. Уақыты 14.00 сағ.
Сабақты 3 курс докторанты Үсенова Ақкенже жүргізеді.
Мекен-жайы: Төле би, 31
Курс мақсаты - тұлғаның әлеуметтік табыстылығын дамыту ұғымдарымен, құрылымдарымен және қағидаларымен таныстыру, әлеуметтік табысты тұлға қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.

3. Құрметті «Көшбасшылар» клубының мүшелері
Сіздерді 2016 жылғы 6 сәуірде сағат 13.00-де Төле би 98 (Амангелді қиылысы) С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Коммуникативті дағдылар орталығы (КДО), кіру (интро) 1 немесе интро 8. мекен-жайы бойынша өтетін көшбасшылық тренингіне шақырамыз.
Тренингті психолог Қожамжарова К. Өткізеді.
Көшбасшылық тренингінің мақсаты: көщбасшылар жұмысының тиімділігін команданы мақсатқа қол жеткізуге ынталандыру қабілеттерін дамыту арқылы арттыру.
Міндеттері: команданы мақсатқа жетуге қолдау, көтермелеу, шабыттандыру қабілетін дамыту; топтық талқылау жүргізуді, топтың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуды үйрену; топтық талқылауларда белсенді тыңдау техникасын, нақтылайтын сұрақтарды қою тәсілдерін меңгеру.
Тренинг нәтижесінде қатысушылар өз өмірі мен жұмыста көшбасшылық қасиеттерді қалай дамыту керектігін; командада топтық талқылауды қалай басқару керектігі туралы біледі.

4. Құрметті «Көшбасшылар» клубының мүшелері
Сіздерді 2016 жылғы 7 сәуірде сағат 14.00-де Төле би 98 (Амангелді қиылысы) С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Коммуникативті дағдылар орталығы (КДО), кіру (интро) 1 немесе интро 8 мекен-жайы бойынша өтетін әлеуметтік табысқа қол жеткізу Жеке тұлғалық тренингіне шақырамыз.
Тренингті психолог Қожамжарова К. Өткізеді.
Әлеуметтік табысқа қол жеткізу жеке тұлғалық тренингінің мақсаты: маманның кәсіби қызметіндегі табыстылықтың негізгі санаттары мен түсініктерін ашу болып табылады.
Міндеттері: жеке және әлеуметтік табысты жобалау тәсілдерін, маманның табысты кәсіби қызметінің негіздерін ашу; студенттерде жеке тұлғалық та, қоғамдық та тұрғыдағы табыс траекториясын құру үдерісіне саналы түрде қатысуға дайындығын қалыптастыру.
Тренинг нәтижесінде қатысушылар біліп шығады: табысқа жетуге бағытталған жеке және кәсіптік өз бетімен білім алу; Теңдей мүмкіндіктер арасынан моралдық таңдауды қалай жасау керек; Проблемалық жағдайларда, оның ішінде тәуекел етуде бастамашылық танытып орынды және жауапты шешімдерді қабылдау.