|
| |
Педагогикалық тәжірибе ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАТИКАСЫ - 2017
30.03.2017ж. Өнер, мәдениет және спорт институтында студенттердің конференциясында 3-4-курс студенттерінің мектептерде өткен педагогикалық практикалардың орындалу есебі тыңдалды. Институт бойынша жауапты - магистр Б.Н. Бекенова. Институттың 5 мамандықтары бойынша: «5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу», «5В010800 - Дене мәдениеті және спорт», «5В010400 - Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі», «5В010600 - Музыкалық білім», «5В040900 - Хореография» орыс және қазақ бөлімдеріндегі оқийтын 2-курс (3 жылдық), 3-курс студенттері 2017 жылдың 16 қаңтарынан - 11 ақпанына дейін «Оқу-тәрбиелік педагогикалық практика» (4 апта) және 3-курс (3 жылдық), 4-курс студенттері 2017 жылдың 16 қаңтарынан - 25 наурызына дейін «Өндірістік педагогикалық практика» (10 апта) Алматы қаласының базалық мектептерінде педагогикалық практикадан өткен болған. Тәжірибеден өту базалары: 3-4курс студенттерінің педагогикалық практикалары келісім шарт жасалған № 2, № 4, № 19, № 29, № 30, № 31, № 33, № 35, № 46, № 74, № 98, № 100, № 107, № 137, № 143, № 156, № 161, № 168, № 198 және Назарбаев зияткерлік мектебі, Өнер мектебі, «Еркетай» балалар бақшасы, Есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 мектеп интернат, Ш.Смағұлов атындағы АОРММИ (23) мектептерінде өткізілді. Аталған мамандықтарының жетекшілері және «Жалпы педагогика және психология» кафедраларының әдіскерлері педагогикалық практиканың конференциясына қатысты.
2016 ж. сәуір айында ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТ бойынша 3-4-курс студенттерінің мектептерде өткен педагогикалық практикалардың орындалу есебі тыңдалды (практиканың жетекшісі - п.ғ.к., доцент Қ.Е. Ибраева)
«5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу», «5В010800 - Дене мәдениеті және спорт», «5В010400 - Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі», «5В010600 - Музыкалық білім», «5В040900 - Хореография» мамандықтарының орыс және қазақ бөлімдерінің 3-курс студенттері 2016 жылдың 18 қаңтарынан - 18 ақпанына дейін (4 апта), 4-курс студенттері 2016 жылдың 11 қаңтарынан - 18 наурызына дейін (10 апта) Алматы қаласының базалық мектептеріне педагогикалық практикаға жіберілді және жоғарыдағы аталған мамандықтарға қоса «Жалпы педагогика және психология» кафедраларының әдіскерлері педагогикалық практиканың жетекшілері бекітілді. Тәжірибеден өту базалары: 3-4 курс студенттерінің педагогикалық практикалары келісім шарт жасалған №2, №19, №35, №143, №29, №143, №4, № 29 (дене мәдениет және спорт), №19, №33, №124 (музыкалық білім), №19, №12, №46 (бейнелеу өнер және сызу), өнер мектебі, № 2 балалар үйі (хореография), №182, №167, №19, №4 , Ш.Смағұлов АОРММИ, №156, №30, №162, №172, №98, №33, №53 КГУ мектеп гимназиясы (Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі) мектептерінде өткізілді.
|