қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.09.2016

Ұлттық бизнес-рейтинг қорытындысы бойынша 

          Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының 50 ТОП көшбасшысы-кәсіпорындары қатарына еніп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық рейтингісінде «Өткен жылдың қор қайтарымы» аталымы бойынша екінші орынға ие болғаны үшін рейтингтің Алтынымен марапатталып, «2016 жылдың көшбасшысы» медалімен, арнаулы Сертификатпен атап өтілді.

          Ұлттық рейтингтің қорытындысы бойынша университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев «Экономика мақтанышы» орденімен, университеттің экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор Ғани Қалықұлұлы Тұрабаев «Кәсіптік сіңірген еңбегі үшін» медалімен, бас бухгалтер Гүлжан Оразқызы Абдурасилова «2016 жылдың маманы» сертификатымен марапатталды.

Абай атындағы Қаз ҰПУ Баспасөз орталығы