Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
18.03.2021 Өзекті мәселе - өткір шешім
Жоғарғы оқу орнын бітірген түлекті толғандыратын бірінші мәселе - жұмыс. «Бұл дипломмен қайда жұмыс істеймін? Кім мені жұмысқа алады? Менің мамандығыма жұмыс бар ма?» - деген сауалдар әрбір түлектің санасында шырқ үйіріліп тұрады. Қазіргі таңда бұл проблема тек қана ЖОО бітірген түлектің ғана емес көптеген жастарды толғандырып жүр.
Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университеті өз түлектерін жұмыспен қамтуда іргелі жұмыстар атқарып келеді. Мысал ретінде 2018/2019 оқу жылында түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 97 пайызды құраса, 2019/2020 оқу жылында 95 пайызды құрап отыр. 2019/2020 оқу жылында универнситет жұмыс берушілермен бірлесіп 4300 бос орын жинақтады. Соның нәтижесінде түлектер уақытылы жұмыспен қамтылды.
Университет өз кезегінде жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатып, жыл бойында бітіруші түлектерді дамытуға арналған түрлі жобаларды атқарады. Соның бір көрінісі 3-4 курста педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің 1 жылдық практикасы. 3-4 курс студенттері жыл бойы орта білім беру ұйымдарында практикадан өтеді. Практика барсында өзін дәлелдеген студенттер практикадан өткен мекемесінде жұмысқа қалады. Бұл жоба 2018/2019 оқу жылында қолға алынып оң нәтиже берді. Практика барысында 214 студент жұмысқа орналасса, практика біткен уақытта 204 студент жұмысқа орналасты. Бұл жобаның екі тиімді жағы бар біріншісі: студент өзінің мамандығын дұрыс немесе бұрыс таңдағанын, болашақта осы мамандық бойынша жұмыс істей алатынын немесе алмайтынын айқындаса, екіншісі: осы мамандықты қалап түскен студенттер кәсібилігін шыңдап, өзін дәлелдеуге зор мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 3-4 курс студенттері елдегі жағдайға байланысты онлайн режимде практикадан өтіп жатыр. Биылғы нәтижелердің жақсы болатынына бек сенімдіміз.
Түлектерді жұмысқа орналастыруда ең маңызды дүние бұл бос орын және сол бос орынның студенттер үшін ашық әрі әділ болуы. Осы орайда универсиет екі үлкен мәселені айтуына болады. Біріншісі: «Mansap» мобилдік қосымшасы. Қосымша туралы толығырақ айта кетер болсақ, қосымшада білім алушылар өздерінің түйіндемелерін толтырып орналастырады және бос жұмыс орындары туралы ақпаратты көре алады. Ал жұмыс берушілер қосымшаға тіркеліп, өздеріне қажетті бос орынды жариялайды. Жариялаған бос орындарына сәйкес түлектеріміздің түйіндемелерімен таныса алады. Егер екі тараптың талабы мен тілегі сәйкес келсе онда тікелей байланыс орнату мүмкіндігі туындайды.
Қосымшаның негізгі мақсаты: Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген түлектерді жұмысқа орналасыуын оңтайландыру.
Ал негізгі мүмкіндіктері: - Қосымша жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні тікелей байланыстыру; - Тұрғылықты мекен - жай бойынша бос жұмыс орындарын көру; - Мекемеге қажетті маманды жедел табу; - Маман іздеуде уақытты үнемдеу; - Қажетті жұмысты тез табу.
Қазіргі таңда, «Mansap» мобилдік қосымшасында 4 063пайдалаушы бар. Жалпы мобиьлді қосымшаға тіркелген жұмыс берушілер - 1012 болса, оның ішінде 604 - мектеп, 311 - балабақша, 97 - жеке меншік мекеме бар. Мобильді қосымшаға тіркелген студенттер 3051 - ді құрайды.
«Mansap» мобилдік қосымшасы 2019 жылдың қаңтарында басталып, 2019 жылдың 12 сәуірінде қолданысқа берілді. Бұл қосымша да өз кезегінде жұмысқа тұрудың ашық әрі әділ жолын нұсқаушы ретінде жұмыс жасап келеді.
Жұмысқа бөлуді әділ әрі ашық ұйымдастыруда ерекше атап өтетін екінші дүние - «Bagdar» платформасы. Бұл платформа университет түлектерін университетке келген бос жұмыс орындары негізінде жұмысқа бөлуге арналған. Платформаның ерекшеліктеріне тоқталар болсақ: Платформа онлайн режимде жұмыс істейді.
Авторы: Рақымберді Жетібай 18.03.2021 ж. Ақпарат көзі: turkystan.kz
|