Мұғалімнің эмоционалды интеллектісі: практикалық аспект
2021 жылы 29 наурызда университет бойынша педагогикалық пәндер циклы бөлімі (педагогика кафедрасы) «Мұғалімнің эмоционалды интеллектісі: практикалық аспект» тақырыбында жалпыуниверситеттік ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Спикер Зухра Бырдина қатысушыларға құнды идеяларды, эмоционалды интеллектті реттеудің қызықты әдістері мен тәсілдерін ұсынды: «Эмоциялар картасы», «Эмоционалды термометр», «Көңіл-күй алаңы», «Эмоционалды сөздік», «Түсті эмоционалды күйдің ассоциациясы» және т.б.
Талқылау барысында басты назар эмоционалды интеллекттің мынандай компоненттеріне аударылды: өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын түсіне білу, өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын басқара білу, позитивті ойлау сияқты компоненттеріне аударылды.
Семинарға Қостанай облысы, Семей және Нұр-Сұлтан қалаларындағы мектептердің, Педагогика және психология институтының университеттік педагогикалық пәндер циклы бөлімінің, «Әлеуметтік ғылымдар» ОБ бөлімінің, Тарих және құқық, Математика, физика және информатика институттарының оқытушылары, сонымен қатар 3-4 курс практиканнтары қатысты.