қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.04.2021

«МҒТСҰО жүйесіндегі жұмыс ерекшелігі» онлайн-тренингі


2021 жылы 5 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы аясында жас ғалымдарға арналған «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы жүйесіндегі жұмыстың ерекшелігі» онлайн-тренингі өтті.


Вебинардың ұйымдастырушылары - Абай атындағы ҚазҰПУ пост-докторанттары. Шараның негізгі спикерлері Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының пост-докторанттары Дина Сабирова мен Самал Серікова болды.


Вебинарға қатысқан жас ғалымдар ғылыми жобалар конкурсына қатысу мүмкіндіктері туралы, өз жобасының деректерін мамандандырылған сайтта толтыру туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Вебинар спикерлерінің Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасының ұлттық орталығы жүйесінде өзіндік мол тәжірибесі болғандықтан, олар мысалдармен сайтта жұмысты көрсетіп, маңызды практикалық ұсыныстар бере алды.