Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесіне «6D010900 - Математика» мамандығы бойынша ізденуші Әкімжан Нағима Шопанқызының «Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында кері және қисынды емес есептерді шешуге оқыту арқылы студенттердің математикалық дайындығын жетілдіру» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды.
Қорғау тілі: орыс тілінде.
Ғылыми кеңесшілер:
Бидайбеков Есен Ыкласович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі.
Кабанихин Сергей Игоревич - физика-математика ғылымдарының докторы, РҒА корреспондент мүшесі, РҒА Сібір бөлімі Есептеу математика және математикалық геофизика институтының директоры (Ресей).
Корнилов Виктор Семенович - педагогика ғылымдарының докторы, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Білім беруді ақпараттандыру кафедрасының профессоры.
Рецензенттер:
Қағазбаева Аспет Кеңесбековна - педагогика ғылымдарының докторы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры.
Токибетов Жанузак Абдыкулович - физика-математика ғылымдарының кандидаты, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Іргелі математика кафедрасының профессоры.
Жұмысты қорғау 2018 жылдың қараша айының 29 жұлдызында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 6D010000 - «Білім беру (математика, физика)» Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 үй, 415 ауд. e-mail: www.kaznpu.kz@mail.ru
Аңдатпа
Ғылыми жарияланымдар тізімі
Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба