|
| |
КЛУБ ТУРАЛЫ
«МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Психология және педагогика» факультетінің, мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасында 2010 жылы ашылған «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандарының болашақ кәсіби іс-әрекет саласы бойынша, халықтың әлеуметтік қорғау жүйесіне негізделген студенттрдің ерікті бастамасымен құрылған.
Клуб мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру
КЛУБ МІНДЕТТЕРІ:
- «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы бойынша: мүгедек балаларға олардың ата-аналарына және мүгедектерді қолдау қорларының қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға көмектесу;
- «Менің отбасым» қайырымдылық акциясы бойынша: әлеуметтік тұрмысы төмен жайсыз отбасыларына, оралман отбасыларына гуманитарлық қолдау көрсету;
- «Біздің балалар» қайырымдылық акциясы бойынша: жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
- «Қарттарға құрмет» қайырымдылық акциясы бойынша: ардагер қарт адамдарға және жалғыз басты қарттарға гуманитарлық-әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Әлеуметтік жауапкершілік еріктілер қозғалысы дәстүрлерін қолдау, дамыту және жалғастыру бойынша әлеуметтің маңызы бар қайырымдылық шараларға қатысу;
- «Балаларды қорғау күні» Халықаралық мерекесіне орай балалар үйінде, мүмкіндігі шекутеулі балаларды сауықтыру орталығында қайырымдылық акциялар ұйымдастыру;
- Демеушілерді тарту және олардың әлеуметтік маңызды идеяларын, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда еріктілер ретінде көмектесу;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде, қоғамдық ортада, балаларды толыққанды әлеуметтендіру жұмыстарының жаңа формаларын ұйымдастыру;
- Халықаралық және аймақтық байланысты құру арқылы басқа да қоғамдық (еріктілер) ұйымдарымен бірігіп әлеуметтік маңызды қызметтерді ұйымдастыру.
|