қазақша · русский · english
   
Мақалаларды журналға басып шығарудағы талаптары

 

Бағыты:

ғылыми-көпшілік журнал

Аудиториясы:

18+

Мерзімі:

3 айда 1рет

Тілдері:

қазақ, орыс, ағылшын

Бас редакторы:

Пірәлиев Серік Жайлауұлы

Баспасы:

Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығы, «Ұлағат» баспасы

Мемлекеті:

Қазақстан, Алматы

Шығарылған уақыты:

2010 жылдың наурыз айынан бастап

Көлемі:

8-9 б.т.

Таралымы:

300 данадан астам

ISSN:

2079-9330

АҚ «ҚазПошта» каталогы бойынша индексі:

 

74310

 

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ЖУРНАЛЫ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығы 2010 жылдың наурыз айынан бастап республикалық ғылыми-көпшілік бағыттағы «Ұлттық тәрбие» журналын шығарады

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден (Куәлік № 10674-Ж, 04.02.2010 ж.), (Куәлік № 15778-Ж, 13.01.2016 ж.) және Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттік кітап палатасы (ЮНЕСКО, Франция, Париж қ.) сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN Халықаралық орталығында тіркелген және халықаралық ISSN 2079-9330 номер берілген (халықаралық стандарт ИСО 3297-98 «Ақпараттау және құжаттау сериялы басылымның халықаралық стандартты номері», мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.56-2002 «Сериялы басылымдардың халықаралық стандарттау номері»).
Бас редакторы - Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Пірәлиев Cерік Жайлауұлы.
Бас редактордың бірінші орынбасары - Абай атындағы ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒО директоры, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор Нуриев Марат Алмасаевич.
Жауапты редакторы - Абай атындағы ҚазҰПУ «Филологиялық пәндерді оқытудың әдістемесі» кафедрасының ф.ғ.к. Сейсенбаева Жанар Айтбергеновна.
Жауапты хатшы - гуманитарлық ғылымдарының магистрі Айнакулова Айгерим Мажитовна.
«Ұлттық тәрбие» журналы - 2010 жылдың наурыз айынан бастап үш айда бір, қазақ және орыс тілдерінде аралас шығатын, республикалық ғылыми-көпшілік бағыттағы журнал.
Өзектілігі. Рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеруге, халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды аялай білуге, құндылықтарымызды дәріптеуге байланысты тақырып ауқымының кеңдігі негізінде журналдың өзектілігі анықталады.
Негізгі мақсаты. Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу, ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, қадірлеуге үйрету. Қазақ жастарының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, ұлттық интеллектуальдық әлеуетін анықтау арқылы журналдың өзектілігін қалыптастырамыз. Журнал ұлттық идеяны, рухты, салт-сананы, ұлттық бизнестің қалыптасуын, жанашыр ұлт тұлғаларының саналы өмірімен, олардың әдет-ғұрыпты дәріптейтін және танымдық материалдармен қамтылған. «Ұлттық тағылым», «Ұлттық намыс», «Салт-дәстүр», «Ұлттық тұлға», «Ұлттық бизнес», «Отбасы тәрбиесі» және «Ұлттық білім», «Мұғалімге көмек» сияқты тұрақты айдарлармен көптеген мағлұматтар берілу арқылы қамтылу көзделген. Әр айдардың өзіндік тақырыптық бағыты мен мазмұндық ерекшелігі бар.
Міндеті. Ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеп, ата-бабамыз қолданған үрдісті бүгінгі жаймен саралап, халық педагогикасының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қиюластыру. Тәуелсіз елдің саналы жастарын тәрбиелейтін, білім нәрімен сусындататын - мұғалімдер қауымына әдістемелік және ғылыми танымдық бағыттағы материалдармен қамту көзделген.
Бағыты. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүр, менталитетін бүгінгі дәстүрге сай замануи тұрғыда даму сипатын халыққа таныстыра отырып, бойына ұлттық болмысты сіңіру.
Редакцияның мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Жамбыл көш.-25, 24-каб., Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығы.
Тел/факс: 8(727) 291-88-83, ұялы тел.: 8 747 83 88 935
Электронды адрес: nitso@mail.ru
Мақалаларды журналға басып шығарудың талаптары. Мақаланы «Ұлттық тәрбие» журналына тапсыру үшін журналдың жауапты хатшысына кез келген электронды тасымалдаушыда өткізу керек.
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторда, Timеs New Roman шрифтпен, шрифтің өлшемі 12-мен терілуі қажет. Мақаланың көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс. Беттің параметрлері: үсті - 2 см, асты - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см. Жоларалық интервал - дара (одинарный), азат жол - 0,5 см.
Мақала автордың аты-жөні, қызметі, ғылыми лауазымы, мақаланың тақырыбын көрсетумен басталады, мақаланың басында үш тілде аннотация (250 белгіден кем емес) беріледі. Мақала терілгеннен кейін автор өзі тексеріп, қателерін түзеп, соңғы нұсқасын беруі қажет. Мақала мазмұнына автор өзі жауап береді.
Әдебиеттерге сілтеме міндетті түрде жасалсын. Олар мәтінде аталуына қарай тік жақшада сан түрін¬де көрсетіледі. Мақаланың соңында берілетін әдеби¬еттер тізімінде алдымен автордың аты-жөні, мақала¬ның немесе кітаптың аты, сонан кейін кітаптың жалпы мәліметтері көрсетіледі.
Мақаланың соңында автор байланыс мәліметтерін (қызмет және ұялы телефон нөмірлерін) көрсетуі қажет.
Түп нұсқалар қойылған талаптарға сай келмеген жағдайда баспаға қабылданбайды. Мақалалар кері қайтарылмайды және өңделмейді.
Мақаланы баспаға шығару ақысы университеттің кассасына төленеді немесе банк арқылы төлеуге болады. *Қойылған талаптарға сәйкес мақаланы журналға шығару бағасы - 1500 теңге. Журналға жазылушылардың мақаласы тегін жарияланады (жазылушы мақаласын берген кезде жазылғандығын растайтын түбіртектің (квитанцияның) сканерін немесе көшірмесін қоса беруі тиіс).
Бір жылға жазылу бағасы 3100 теңге. Журналға жазылу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жыл бойы¬на жүреді. Индексі - 74310
*Реквизиттер: РГП ПХВ Абай атындағы Қаз ҰПУ
ИИН KZ178560000000086696
БИН 031 240 004 969
РНН 600900529562
АГФ ОАО «БанкЦентрКредит»
МФО 190501719, код 16
Свидетельство о постановке на учет по НДС:
Серия 60305 № 0005741 от 13.01.04

 

Ескерту:
*Жекелеген авторлардың журналда жарияланған мақалаларындағы пікір-ұсыныстары редакцияның түбегейлі көзқарасын білдірмейді.
*Мазмұнды, әрі мағыналы жазылған мақалалар редакцияда қаралып, ақысыз жарияланатын болады.