қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.04.2021

«English speaking competition»турнирі өтті

 

2021 жылдың 12 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мансап» орталығы ұйымдастыруымен онлайн форматта «English speaking competition» турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты - ағылшын тілінен сөйлеу дағдыларын дамыту. Болашақ үштілді мұғалімдердің базасын қалыптастыру.

 

Турнирге «I teach in English» курсында тәлім алып жүрген 4-ші курс білім алушылары қатысты. Турнирді Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков ашты. Турнирге ағылшын тілінің мамандары Нұржан Мағазбек, Керім Болатбек және полиглот, ғалым Zuozapas Bagdonas қазылық етті. Турнир соңында жеңімпаздар анықталып алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.