қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.04.2021

Қазақстан Ғылым қызметкерлері күнімен!

 


 

Құрметті ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер! Сіздерді Қазақстанның Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

 

Ғылым - ұлттық ресурс, мемлекеттің экономикалық өркендеуінің өзгермейтін құрамдас бөлігі, ел болашағының кепілі. Біздің ғалымдар өз білімімен, жұмысымен, ынта-жігерімен ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосып келеді. Қазіргі әлемде экономикадағы және әлеуметтік саладағы жетістіктер ғылыми прогреске, жаңа технологиялардың қарқынды енгізілуіне тікелей байланысты. Біздің университет барлық бағыттардағы ғылыми бағытты дамыту және ғалымдарды, әсіресе жастарды қолдау үшін бәрін жасауда.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғылыми бағытта ауқымды және тиімді жұмыс жүргізілді. Бірқатар жоба іске асырылды, жаңалары әзірленуде.

 

2020 жылы жүзеге асырылған жобалар:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттары бойынша 29 жоба;

- 2 келісімшарттық жоба;

- 5 Жоғары экономика мектебімен бірлескен жоба (Мәскеу қ.);

- Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен және В.Астафьев атындағы КМПУ-мен үшжақты 1 халықаралық жоба;

- ҚР ҒЗИ-мен 15 интеграциялық жоба;

- университеттің ғылыми орталықтары мен зертханаларының 7 жобасы;

- шетелдік серіктестермен бірлескен 11 ғылыми және білім беру жобасы (DAAD, ERASMUS +, GEKAVOC, KAZDUAL және басқалары).

 

Сондай-ақ, университет оқытушылары жеке тәртіпте ҚР сыртқы бас ұйымдарының 19 жобасында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР БҒМ Ғылыми-зерттеу институттары), 14 шетелдік университеттермен ғылыми жобаларда орындаушылар болды.

 

2021 жылы іске асырылып жатқан жобалар:

 

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруының 13 жобасы; Университеттің жеке қаражаты есебінен республикалық ғылыми ұйымдармен бірге 8 интеграциялық жоба, университеттің ғылыми орталықтары мен зертханаларының 7 жобасы, Жоғары экономикалық мектебімен 5 бірлескен жоба (Мәскеу қ.), Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен және В.Астафьев атындағы КМПУ-мен үшжақты 1 халықаралық жоба. Университетте жас ғалымдардың зерттеулеріне үлкен көңіл бөлініп жатқанын атап өткен жөн.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруының 13 жобасының үш жобасы - жас ғалымдардың жобалары.Сонымен қатар, университеттің өз қаражаты есебінен қаржыландыру үшін жас ғалымдардың жобалары анықталды: 2018 жылы - 27 миллион теңгенің 25 жобасы, 2019 жылы - 26,7 миллион теңгеге 24 жоба, 2021 жылы - 28,5 миллион теңгеге 12 жоба. 2020 жылы ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруындағы барлық жобаларға, республикалық ҒЗИ-мен интеграциялық жобаларға және университеттің ғылыми орталықтары мен зертханаларының жобаларына 2 студент, 6 магистрант, 41 докторант қатысқанын атап өткен жөн.

 

Біздің үздік мамандарымызды - әртүрлі ғылыми конкурстардың жеңімпаздарын ерекше атап өткім келеді. Мысалы, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері, пост-докторант Д.Даутбек (2020); «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері, PhD докторы Ж.Байшеміров (2019); Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығы ұйымдастырған «Педагогикалық бастама-2020» халықаралық конкурсының абсолютті жеңімпазы, PhD докторы С.Белоус. ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің құрамына біздің университеттің үш жас ғалымы (Ш.Лайсханов, Э. Уайдулла, Ж.Байшеміров) кіреді, сондай-ақ екі белсенді жас зерттеуші (С. Белоус және А. Ибрагимов) педагогикалық университеттердің Еуразиялық қауымдастығы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері болып табылады. Олар өздерінің оқу орындарының және еліміздің беделін арттыруда. Біз жас педагогтарымызбен, ғалымдарымызбен мақтанамыз.

 

Осы айтулы күні сіздерге күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз үшін, отандық ғылымның рухы жүзеге асырылып жатқан бірегей жобалар мен жұмыстарыңыз үшін алғыс айтқым келеді.

 

Ғылыми әлеуетті дамыту - бұл университеттің, қаланың және елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды шарты. Жаңарту, экономиканың тиімділігін арттыру, инновацияларды енгізу ғалымдардың, оқытушылардың, ғылыми қоғамдастық мүшелерінің еңбегінсіз мүмкін емес. Сіздердің жетістіктеріңіздің арқасында университет өзінің ғылыми кадрларымен мақтанады.

 

Ғылым қызметкерлері күні құтты болсын! Сіздерге үлкен мақсаттар мен тілектер, зор мүмкіндіктер мен серпілістер, батыл идеялар мен әрекеттер, тамаша ойлар мен шығармашылық жетістіктер, денсаулық пен амандық тілеймін!

 

 

 

Құрметпен, ректор Такир Балықбаев