«Менің мамандығым-менің болашағым» бейнеролик конкурсы
2021 жылдың 15 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының «Маркетинг» бөлімі ұйымдастырумен «Менің мамандығым-менің болашағым» білім алушылар арасында бейнероликтер конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Конкурсты қорытындылауды институт директоры Ғ.А.Абаева құттықтау сөзімен бастады. Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ «Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау» орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлы қатысып, конкурсқа қатысушыларды құттықтады.
2021 жылдың 01 сәуірінен бастап 14 сәуірге дейін конкурсқа өтініштермен бейнематериалдар marketing.ipip@bk.ru электронды поштасына қабылданды.
«Менің мамандығым - менің мақтанышым» бейнеролик конкурсына 27 жұмыс түсті. Олардың ішінен үздіктері таңдалынып, конкурс жеңімпаздары болып төмендегі студенттер және топтар марапатталды:
1-орын: «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологияларымен» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Примбетова Патима және Нұрсапа Толқын.
2-орын: Психология «Медиация» мамандығының 2 курс студенттері Ибрагимова Алина, Айтбақы Құндыз, Райымбек Мөлдір, Калифолданова Айша, Абдыхалық Назерке, Қажымұхан Айқын; «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологияларымен» білім беру бағдарламасының 1 курс шетелдік студенттері Алиметов Анар, Атахонова Шахриза, Исакулова Замира, Нуруллаева Ферузабону және Шарифуллаева Зилола;
3-орын: «Психология және педагогика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Кустенова Тамила, Нұрғалиева Нұрсұлу және Аралбай Асем; «Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Рысбеккызы Карлыгаш және Русланова Акжан; «Бизнес психология» мамандығының 2 курс студенттері Сисенбай Индира, Қуатбаева Маржан, Молочиева Лазина, Мейрамбай Аяна, Кероглыева Назира және Біржанқызы Аяулым; Арнайы педагогика «Логопедия» мамандығының 2 курс студенті Сундетова Дина Джумабайқызы.
Конкурс барысында қазылар алқасының шешімімен келесі студенттер мен топтар номинацияға ие болды:
«Үздік жарнамашы номинациясы» - 1 курс «Бастауыш білім ағылшын тілінде» білім беру бағдарламасы студенті Тұрсынбай Дильназ;
«Үздік идея номинациясы» - Психология мамандығының 2 курс магистратура білім алушылары Жапаров Эльдар, Грунская Анастасия, Токтакулинов Адильжан, Капас Айгерім, Серикбай Мадина, Кулжабаева Сымбат, Нурдавлетова Зауреш, Рымжанова Гульжанна және топ жетекшісі аға оқытушы Гульмира Ниетбаева.
«Креативті бейне-ролик номинациясы» - 1 курс «Практикалық психолог» білім беру бағдарламаласының студентті Мейрбекова Шаркия марапаталды.
Конкурс соныңда Маркетинг бөлімі жетекшісі Б.О.Жанкушков жеңімпаздарды марапаттап, конкурс әділқазылары: Жоғары Жаркент Гуманитарлы-техникалық колледж директорының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Жамила Рахметжановаға, Алматы қаласы №185 жалпы білім беретін мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-сарапшы Қали Ақылбек және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитет нұсқаушысы Артык Курманалиевқа өз алғысын білдірді.