қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.09.2016

«Күміс көмей, жез таңдай» ән байқауы

                Дарынды жастарды айқындап, қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мұрағатын насихаттау мақсатында Алматы қаласының мәдениет басқармасы, қалалық ән байқауы  ұйымдастырды.

Конкурс тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына тұстас келді. Бұл ән-күй мейрамын жоғары дәрежеде өткізуге «Майра» продюсерлік орталығы қолғабыс етті.Университетіміздің атынан ән байқауына Ұлдана Еркебек, Аида Серікбай және Олеся Хоменколар қатысты.

                Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы студенттерге қолдау көрсетіп, жарыстың талаптарына сай фотосуретке түсіру, арнайы киімдерді және әуендерді өңдеуге әнге салып орындауға  демеу  етті.

                Музыкалық бәйгенің бас қазылар арасында ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Майра Ілиясова бастаған Мұрат Құсайынов, Ақжол Мейірбеков, Айгүл Қосанова, Ерғали Әбдірайымов, Сәкен Майғазиев, Ердос Қанаев сынды  қазақ эстардасының  жарық жұлдыздары төрелік етті.  Байқауға  қатысушы 34 үміткердің арасынан Олеся Хоменко «Әнші ару»  номинациясына  ие  болды.

                Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Алатау концерт залында болған шығармашылық гала-концерт  кешінде Олеся Хоменко «Әнші ару» номинациясында қала әкімі  Б. Байбектің қолынан мадақтау қағазын иемденді.

 

                                                 Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы